Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide
slide

Kazpatent авторларға және құқық иелеріне арналған QazCopyright платформасының мүмкіндіктерін таныстырды

23 қараша, 2026

Бүгін, 2026 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз конференциясында Kazpatent директоры Сабит Ахметов журналистерге Qazcopyright бірыңғай цифрлық платформасы авторларға өз шығармаларының пайдаланылуын бақылауға және сыйақы туралы мәлімет алуға қалай көмектесетінін айтып берді.

Сабит Ахметовтің түсіндіруінше, автор өз шығармасының теледидар мен радиода неше рет орындалғанын және оған қандай сыйақы тиесілі екенін біле алады. Платформа шығармалардың пайдаланылуын есепке алып, авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару жүйесінде сыйақыны есептеу мен бөлуді автоматтандырады.

2026 жылғы 20 қарашадағы жағдай бойынша Qazcopyright жүйесінде 351 қатысушы тіркелген. Жүйеде 255 636 шығарма және 22 639 құқық иесі туралы деректер болды.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдаланушыларды қосудың үшінші кезеңі басталады. Qazcopyright платформасына мейрамханалар, барлар, караоке орындары және шығармаларды пайдаланатын басқа да ұйымдар қосылады. Платформаның толыққанды жұмыс режиміне шығуы 2027 жылдың қаңтарына жоспарланған.