Ұлттық зияткерлік меншік институты
2026 жылғы 5-9 қазан аралығында Kazpatent филиалының Алматы қаласындағы Оқу орталығының базасында "Креативті индустриялардағы зияткерлік меншік және оқытудың базалық әдістемелері" атты тренерерді даярлау бағдарламасының бірінші модулі өтті. Бағдарлама Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы академиясының (ДЗМҰ) қолдауымен жүзеге асырылады.
Оқытуға тәжірибелі заңгерлерді, патенттік адвокаттарды және зияткерлік меншік саласындағы сарапшыларды қоса алғанда, 24 маман қатысты.
Бағдарлама шеңберінде қатысушылар креативті индустрияларда зияткерлік меншікті қорғау және пайдалану мәселелерін зерделеді, сондай-ақ оқытудың базалық әдістемелерін және білім беру процесін ұйымдастырудың тәсілдерін игерді. Соңғы күні командалар фасилитаторларға алған білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, орындалған тапсырмалардың қорытындысы бойынша презентациялар ұсынды.
Тренерлерді даярлау Астана қаласында Тренинг-орталығын және Алматы қаласында Kazpatent Оқу орталығының базасында оның филиалын құру жөніндегі жобаның маңызды кезеңі болып табылады. Жоба Зияткерлік меншік саласында оқыту жүйесін дамытуға, мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруға және бейінді білім беру бағдарламаларына қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған.
Бірінші модульді аяқтау зияткерлік меншік саласында білім мен практикалық тәжірибе беруге қабілетті жаттықтырушылардың кәсіби қоғамдастығын қалыптастырудағы кезекті қадам болды. Алынған дайындық білім беру бастамаларын одан әрі дамыту және Қазақстанның осы саладағы сараптамалық әлеуетін нығайту үшін негіз жасайды.