Ұлттық зияткерлік меншік институты
28 қыркүйекте Астана қаласында «Креативті индустриялардағы зияткерлік меншік және оқытудың базалық әдістемелері» атты тренерлерді даярлау бағдарламасының алғашқы модулі басталды. Тренинг ДЗМҰ-ның Зияткерлік меншік саласындағы оқытуды дамыту академиясының қолдауымен өткізіліп отыр. Оқытуға практик заңгерлер, патенттік сенім білдірілген өкілдер және зияткерлік меншік саласындағы сарапшылардан құралған 34 маман қатысуда. Тренерлерді даярлау Астана қаласында Тренинг-орталығын және Алматы қаласында Kazpatent Оқу орталығының базасында оның филиалын құру жөніндегі жобаның маңызды кезеңі болып табылады. Сабақтарды өткізуге Украина, Литва және Қазақстаннан келген сарапшылар қатысуда. Қатысушылар креативті индустриялардағы зияткерлік меншік мәселелерін зерделеп, оқыту әдістемелерін меңгереді.
Іс-шараның ашылуында қатысушыларды Комитет төрағасының орынбасары Марина Сиротина, ДЗМҰ Академиясының үйлестірушісі Мария Бычковская және Kazpatent директоры Сабит Ахметов құттықтады. Қазақстанның ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев іс-шараға бейнебайланыс арқылы қатысты.
5-9 қазан аралығында осындай тренинг Алматы қаласында Kazpatent Оқу орталығының базасында өтеді.