Ұлттық зияткерлік меншік институты
2026 жылғы 7–8 қазанда Астана қаласында «Патенттік дерекқорларда іздеу және Қазақстандағы технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарын дамыту» тақырыбында оқыту семинары өтеді.
Іс-шараны Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (Kazpatent) ұйымдастырады.
Семинар Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтары (ТИҚО) қызметкерлерінің кәсіби білімі мен құзыреттерін арттыруға, сондай-ақ патенттік ақпарат және инновациялық қызметті қолдау саласындағы ДЗМҰ-ның заманауи құралдарымен, ақпараттық ресурстары және сервистерімен таныстыруға бағытталған.
Іс-шараға ДЗМҰ, Clarivate Analytics өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның ТИҚО ұлттық желісінің үйлестірушілері мен қызметкерлері қатысады. ТИҚО сайтына сілтеме: https://tisc.kazpatent.kz/.
Іс-шараның бағдарламасында пікірталас сессиялары мен практикалық тәжірибе алмасу қарастырылған. Оның барысында қатысушылар ТИҚО қызметінің өзекті мәселелерін талқылап, практикалық ұсынымдар алып, ДЗМҰ және Clarivate Analytics өкілдеріне сұрақтар қоя алады.
Өткізу форматы: офлайн
Өткізу орны: Kazpatent кеңсесі, конференц-зал, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А
Семинарға қатысу үшін тіркеу нысанын толтыру арқылы қатысуды 20 қыркүйекке дейін растау қажет: