Ұлттық зияткерлік меншік институты
2026 жылғы 8 шілдеден 10 тамызға дейін Kazpatent Алматы қаласындағы Филиалдың Оқу орталығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және аумақтық әділет департаменттерінің қолдауымен шағын және орта бизнес өкілдеріне, отандық өндірушілерге және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған оқыту вебинарларының циклін өткізді.
Вебинарлар Қазақстанның 14 өңіріндегі бизнес өкілдері үшін ұйымдастырылды: Абай облысы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ұлытау облысына.
Оқыту іс-шаралары бизнес өкілдерінің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және қорғау тетіктерін түсіндіруге бағытталды.
Вебинарлар барысында зияткерлік меншік саласындағы өзекті мәселелер қарастырылды. Қатысушылар келесі бағыттар бойынша практикалық ақпарат алды:
• тауар белгілерін тіркеу және брендтерді қорғау;
• географиялық нұсқамалар мен тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеу;
• өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу;
• бизнесті жосықсыз бәсекелестіктен қорғау;
• зияткерлік меншікті бизнесті дамыту құралы ретінде пайдалану;
• өтінімдерді берудің және Kazpatent-тің жеке кабинетімен жұмыс істеудің практикалық аспектілері.
Вебинарлар барысында зияткерлік меншік объектілерін тіркеуге, оларды құқықтық қорғауға және кәсіпкерлік қызметте тиімді пайдалануға қатысты практикалық мәселелерге ерекше назар аударылды.
Мұндай оқыту іс-шараларын өткізу бизнес өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мүмкіндіктері туралы білімдерін кеңейтуге және оларды бизнесті дамыту мен қорғау мақсатында пайдалану бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.
Kazpatent алдағы уақытта да Оқу орталығымен бірлесіп бизнес өкілдерінің зияткерлік меншік саласындағы хабардарлығын арттыруға және зияткерлік құқықтарды құқықтық қорғау мен қорғау бағытындағы практикалық құзыреттерін дамытуға бағытталған оқыту іс-шараларын өткізуді жалғастырады.