Ұлттық зияткерлік меншік институты
Бүгін Кazpatent директоры Сабит Мейрамұлы Ахметов пен «PravionQZ» жасанды интеллектіні құқықтық реттеуді дамытуға жәрдемдесу қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Бақыт Шалқарұлы Әбішев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Кездесу барысында негізгі мәселе, яғни жасанды интеллектінің қарқынды дамуы және жаңа технологияларға қатысты құқықтық тәсілдерді уақтылы қалыптастыру қажеттілігі талқыланды.
Меморандум жасанды интеллект және зияткерлік меншік мәселелері бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге, құқықтық сараптаманы дамытуға және өзекті халықаралық тәжірибелерді талқылауға негіз болады.
Бұл жұмыстың жаһандық талқылау аясында жүргізілуі аса маңызды. 2026 жылғы 9 және 10 қарашада Женевада жасанды интеллектіні дамытудың негізгі құқықтық және саяси мәселелеріне арналған ДЗМҰ Зияткерлік меншік және жасанды интеллект жөніндегі алғашқы жаһандық форумы өтеді.