Ұлттық зияткерлік меншік институты
2026 жылғы 08 шілдеде Kazpatent Алматы қаласындағы филиалының Оқу орталығымен бірлесіп Абай облысының шағын және орта бизнес өкілдеріне, отандық өндірушілерге және кәсіпкерлік қызметін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған оқыту вебинарын өткізді
Kazpatent бизнес өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және құқықтарын қорғау тетіктерін түсіндіруге бағытталған оқыту семинарлары мен онлайн-вебинарлар циклін жалғастыруда.
Вебинар барысында зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері қарастырылды. Қатысушылар келесі тақырыптар бойынша ақпарат алды:
Осындай оқыту іс-шараларын өткізу бизнес өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мүмкіндіктері туралы білімдерін кеңейтуге және оларды кәсіпкерлік қызметте тиімді пайдалануға ықпал етеді.
Kazpatent алдағы уақытта да Оқу орталығымен бірлесіп зияткерлік меншік саласындағы білім деңгейін арттыруға бағытталған оқыту іс-шараларын өткізуді жалғастырады.