Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide

«Антиконтрафакт – 2026» XIV халықаралық форумы Астана қаласында өтті

29 мамыр, 2026

2026 жылғы 28 мамырда Астана қаласында Еуразиялық экономикалық форум аясында Еуразиялық экономикалық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ұйымдастырған «Антиконтрафакт – 2026» XIV халықаралық форумы өтті.

Форум контрафактілік өнімдердің заңсыз айналымына қарсы іс қимыл, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, цифрлық бақылау тетіктерін дамыту және цифрлық экономика жағдайында адал бәсекелестікті нығайту мәселелерін талқылауға арналған маңызды халықаралық алаңдардың біріне айналды.

Іс шараға Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев, Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі (министрі) Бақыт Сұлтанов, Еуразиялық патенттік ұйымның президенті Григорий Ивлиев, сондай ақ мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығы мен бизнес өкілдері қатысты.

ҚР ӘМ ЗМҚК «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК форум жұмысына белсенді қатысып, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және контрафактіге қарсы іс қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Пленарлық отырыс барысында цифрлық экономиканың және трансшекаралық электрондық сауданың дамуы жағдайында контрафактіге қарсы күрестің өзектілігі ерекше атап өтілді. Халықаралық деректерге сәйкес, контрафактілік өнімдердің әлемдік айналым көлемі шамамен 467 млрд АҚШ долларын құрайды. ЕАЭО елдерінде тек 2024 жылдың өзінде 6,6 млн астам контрафактілік өнім бірлігі анықталған.

Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев зияткерлік меншіктің инновациялар, технологиялар және креативті экономиканы дамытудың стратегиялық ресурсына айналғанын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясында алғаш рет зияткерлік меншікті заңмен қорғау қағидаты бекітілгені айтылды.

Форум аясында зияткерлік меншікті цифрландыру, тауарларды таңбалау, интернет саудадағы тұтынушылар құқықтарын қорғау, жасанды интеллект технологияларын қолдану, сондай ақ контрафактіге қарсы іс қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру мәселелеріне арналған 10 тақырыптық сессия өткізілді.

Форумға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, құқық иеленушілердің, сарапшылар қауымдастығы мен бизнес өкілдерінің қатысуымен 1000 нан астам адам тіркелді.