Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide

«ҰЗМИ» РМК директоры форсайттық зерттеулер жүйесін қалыптастыруға арналған стратегиялық сессияға қатысты.

26 ақпан, 2026

2026 жылғы 26 ақпанда Алматы қаласында ғылым мен технологиялар саласындағы форсайттық зерттеулер мен предиктивтік аналитика жүйесін дамытуға арналған стратегиялық сессия өтті. Іс-шара ғылыми-технологиялық дамуды болжау құралдарын талқылау және ұлттық инновациялық экожүйені нығайту мақсатында ғылыми қауымдастықтың, мемлекеттік органдардың және сараптамалық ұйымдардың өкілдерін біріктірді.

Сессия аясында «Зияткерлік меншік – форсайт пен предиктивтік аналитика үшін негізгі дереккөз» тақырыбында «ҰЗМИ» РМК директоры Сабит Ахметов баяндама жасады. Ол өз сөзінде патенттік ақпараттың технологиялық үрдістерді айқындауға, ғылыми бағыттардың даму динамикасын бағалауға және негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін құрылымдалған деректердің бірегей жиынтығы екенін атап өтті.

Сессияның маңызды нәтижесі ретінде «ҰЗМИ» РМК және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.