Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

Алматы филиалында оқыту семинары өтті

24 қараша, 2026

2026 жылғы 24–25 қарашада Алматы қаласында Kazpatent филиалының Оқу орталығы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасында техникалық шешімдерді патенттеу» тақырыбында екі күндік оқыту семинары өтті. Іс-шараға инженерлер, патенттік сенім білдірілген өкілдер, геология және геотехнология саласының мамандары, менеджерлер, сондай-ақ өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу мәселелеріне қызығушылық танытқан тұлғалар қатысты.

Семинар бағдарламасы ұлттық және халықаралық заңнаманы (Париж конвенциясы, РСТ, ЕАПК) зерделеуді, патентке қабілеттілік шарттарын, өтінім беру және сараптама жүргізу ерекшеліктерін қарастыруды, сондай-ақ патенттік іздеу бойынша практикалық сабақтарды, патенттеу объектісін таңдауды ескере отырып өтінімдерді дайындау мен ресімдеуді, өтінім берушінің жеке кабинетімен жұмыс істеуді қамтыды. Espacenet, WIPO Patentscope және ЕАПҰ халықаралық дерекқорларымен жұмыс істеуге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар қатысушылар Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының (ТИҚО) қызметі мен патенттік даулар бойынша сот практикасы мәселелерін талқылады.

Іс-шарада Kazpatent сарапшылары және шақырылған мамандар баяндама жасады. Атап айтқанда, Kazpatent директорының орынбасары Айдын Артыкова Ұлттық зияткерлік меншік институтының қызметіне шолу жасап, патенттік аналитика және Қазақстандағы Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының қызметі туралы баяндады. Ал Farabi Supercomputer Center директоры, «Қазақстанның ғылымды коммерцияландыру одағы» РҚБ вице-президенті Амирхан Темирбаев университеттік әзірлемелерді коммерцияландыру тәжірибесімен бөлісті.

Семинар сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды, оның барысында қатысушылар сарапшылардан практикалық ұсыныстар ала алды. Іс-шара қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

Kazpatent филиалы спикерлер мен қатысушыларға белсенді қатысқаны, кәсіби диалог орнатқаны және Қазақстан Республикасында патенттеу мен зияткерлік меншік саласындағы құзыреттерді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.