Ұлттық зияткерлік меншік институты
2026 жылғы 10 қарашада Kazpatent филиалы Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің оқытушылары мен студенттеріне арналған оқыту семинарын ұйымдастырды.
Қатысушыларға авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамалық және институционалдық реформалар, сондай-ақ құқық иеленушілердің заңды мүдделерін қорғауды күшейту жөніндегі шаралар туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында Kazpatent филиалының директоры Жанна Асанова құқықтарды ұжымдық басқарудың заманауи тәсілдерін таныстырып, QazCopyright цифрлық платформасының мүмкіндіктері мен оның авторлар мен құқық иеленушілер үшін маңызы туралы айтып берді. Шақырылған сарапшы, авторлық құқық саласындағы профессор, PhD докторы Темірлан Тулегенов кәсіби білімімен бөлісіп, осы саладағы заңнаманы қолданудың практикалық аспектілерін түсіндірді.
Қатысушылардың ерекше қызығушылығын QazCopyright платформасында тіркелу және авторизациядан өту тәртібінің көрсетілімі тудырды. Мұндай іс-шаралар шығармашылық қоғамдастық өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған және алдағы уақытта басқа да мүдделі ұйымдар үшін өткізу жоспарлануда.