Ұлттық зияткерлік меншік институты
2026 жылғы 11 қарашада Kazpatent филиалы «Author KZ» РҚБ-мен бірлесіп, Абай, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарының шығармашылық саласының өкілдерімен кездесу өткізді.
Қатысушыларға авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы өзекті реформалар, құқық иеленушілердің мүдделерін қорғау шаралары, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқарудың заманауи тәсілдері туралы ақпарат ұсынылды.
Kazpatent филиалының директоры Жанна Асанова QazCopyright цифрлық платформасының мүмкіндіктері туралы баяндады. Шақырылған сарапшы, профессор, PhD докторы Темірлан Тулегенов авторлық құқық саласындағы заңнаманы қолданудың практикалық аспектілерін түсіндірді.
Кездесу аясында QazCopyright платформасында тіркелу және авторизациядан өту тәртібі, сондай-ақ оның негізгі функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.
Зияткерлік меншік саласындағы шығармашылық қоғамдастық өкілдерінің құқықтық сауаттылығы мен хабардарлығын арттыруға бағытталған осындай іс-шараларды өткізу алдағы уақытта да жалғасын табады.