Ұлттық зияткерлік меншік институты
2026 жылғы 9 қарашада Kazpatent филиалы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушыларына авторлық және сабақтас құқық объектілерін тіркеу және қорғау мәселелеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
Kazpatent филиалының директоры Жанна Асанова құқықтарды ұжымдық басқару жүйесіндегі өзекті өзгерістер, авторлар мен құқық иеленушілердің мүдделерін қорғау, креативті индустрияны дамыту және QazCopyright бірыңғай цифрлық платформасының мүмкіндіктері туралы баяндады.
Шақырылған сарапшы, профессор, авторлық құқық саласындағы PhD докторы Темірлан Тулегенов авторлық және сабақтас құқықтардың негізгі ережелері мен оларды практикада қолдану ерекшеліктерін түсіндірді.
Сондай-ақ QazCopyright платформасында тіркелу және пайдаланушыларды авторизациялау тәртібіне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар шығармашылық қоғамдастық өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған және алдағы уақытта басқа да мүдделі ұйымдар үшін өткізу жоспарлануда.