Ұлттық зияткерлік меншік институты
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (бұдан әрі – «ҰЗМИ» РМК) Сіздерді Тауар таңбасы ретінде тіркеуге мәлімделген белгілерге сараптама жүргізу жөніндегі нұсқаулық жобасын (бұдан әрі – Нұсқаулық) жария талқылауға қатысуға шақырады.
Өткізілетін күні: 2026 жылғы 19 қазан
Уақыты: 16:00 (Астана қаласының уақыты бойынша)
Өткізу форматы: Zoom платформасы арқылы онлайн
Қосылу сілтемесі:
https://us06web.zoom.us/j/82347843333?pwd=KXJneOaLE0Rkm5yOja0eYtsd6cDeDm.1
Конференция идентификаторы: 823 4784 3333
Кіру коды: 820190
Нұсқаулық жобасы тауар таңбаларына сараптама жүргізу практикасын жетілдіру және біріздендіру, қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен болжамдылығын арттыру, сондай-ақ тауар таңбаларын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын қолданудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Талқылауға патенттік сенім білдірілген өкілдер, заң компанияларының өкілдері, зияткерлік меншік саласындағы мамандар, бизнес-қауымдастықтар, сараптама ұйымдары және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.
Қоса беріліп отырған Нұсқаулық жобасымен алдын ала танысып, талқылауға белсенді қатысуларыңызды ұсынамыз. Келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер жинақталып, Нұсқаулық жобасын одан әрі пысықтау кезінде қаралатын болады.
Қатысуларыңызды растауды және ұсыныстар мен ескертулер болған жағдайда оларды мына электрондық пошта мекенжайына жолдауды сұраймыз: a.nakenov@kazpatent.kz
Тауар белгісі ретінде тіркеуге мәлімделген белгілерге сараптама жүргізу жөніндегі нұсқаулық жобасы.
Құрметпен,
ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК