Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide

Қазақстан Жаһандық инновациялық индекс 2026 рейтингінде соңғы 10 жылдағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді

30 қыркүйек, 2026

ДЗМҰ Жаһандық инновациялық индексінде Қазақстан 139 экономиканың ішінде 73-орынға ие болып, бірден 8 сатыға көтерілді. Бұл еліміздің соңғы 10 жылдағы ең үздік нәтижесі.
Қазақстан Орталық Азияда 1-орында және Орталық және Оңтүстік Азияның 11 экономикасы арасында 2-орында.
Казпатент ДЗМҰ-ға зияткерлік меншік саласындағы статистикалық деректерді тікелей ұсынады. Бұл халықаралық көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде Қазақстан бойынша пайдаланылатын деректердің өзектілігі мен сапасын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
ҚР жаңа Конституциясында зияткерлік меншік елдің инновациялық дамуының маңызды элементі ретінде тікелей конституциялық деңгейде бекітілді.
Қазақстанның осы нәтижесін және еліміздің халықаралық инновациялық экожүйедегі ұстанымын нығайтуға Казпатенттің қосқан үлесін мақтан тұтамыз!
Сондай-ақ барша әріптестерімізді Әділет күнімен құттықтаймыз! Ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілейміз! ⚖️


Global Innovation Index 2026