Ұлттық зияткерлік меншік институты
Түркияның Патенттер және тауар таңбалары ведомствосы (TÜRKPATENT) 11-ші Халықаралық ISIF’26 өнертабыстар көрмесіне қатысуға шақырады.
2026 жылғы 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Түркияның Шанлыурфа қаласында халықаралық аэроғарыш, авиация және технологиялар фестивалі TEKNOFEST 2026 аясында 11-ші Халықаралық ISIF’26 өнертабыстар көрмесі өтеді.
Іс-шараны Түркия Республикасының Өнеркәсіп және технологиялар министрлігі, Түркияның Патенттер және тауар таңбалары ведомствосы (TÜRKPATENT) және Өнертапқыштар қауымдастықтарының халықаралық федерациясы (IFIA) ұйымдастырады.
ISIF өнертабыстарды таныстыру, инновацияларды ілгерілету және өнертапқыштар, университеттер, ғылыми-зерттеу ұйымдары, технологиялық парктер, стартаптар, инвесторлар және зияткерлік меншік саласының өкілдері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған жетекші халықаралық алаңдардың бірі болып табылады.
Қатысушылар өз өнертабыстарын халықаралық аудиторияға таныстыруға, Халықаралық өнертабыстар байқауына қатысуға, сондай-ақ инновациялық және іскерлік орта өкілдерімен кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік алады.
Өнертапқыштар, университеттер, ғылыми-зерттеу ұйымдары, инновациялық орталықтар, технологиялық парктер, стартаптар және басқа да мүдделі қатысушылар шақырылады.
Күні: 2026 жылғы 30 қыркүйек – 4 қазан
Өтетін орны: Шанлыурфа қ., Түркия
Іс-шара: TEKNOFEST 2026 аясындағы ISIF’26
Іс-шараның ақпараттық және жарнамалық материалдарымен қоса берілген материалдардан толығырақ танысуға болады.
