Анонстар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Үш күндік оқыту семинары: "Тауар белгілерін, географиялық көрсеткіштерді, тауарлар шығарылған жерлердің атауларын және өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау: тіркеу, қорғау және коммерцияландыру"

26 тамыз, 2026

Kazpatent филиалы даралау құралдары мен өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың өзекті мәселелеріне арналған үш күндік оқыту семинарына қатысуға шақырады.

Семинар зияткерлік меншік объектілерін тіркеу, құқықтық қорғау және коммерцияландыру саласында практикалық білімді қалыптастыруға бағытталған. Қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, халықаралық тіркеу тетіктері туралы кешенді түсінік алады, сондай-ақ өзекті құқық қолдану практикасымен танысады.

Семинар бағдарламасында:

  • тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, тауарлар шығарылған жерлердің атауларын және өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың түсінігі мен ерекшеліктері;
  • өтінім беру тәртібі және сараптама жүргізу ерекшеліктері;
  • Мадрид жүйесі бойынша сауда белгілерін халықаралық тіркеу және оның артықшылықтары;
  • тауар белгілеріне құқықтарды сот және сотқа дейінгі қорғау;
  • франчайзинг зияткерлік меншікті коммерцияландыру құралы ретінде:
  • франчайзинг құрудың практикалық аспектілері және франчайзерлердің қателіктері;
  • зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды кедендік қорғау;
  • Kazpatent жеке кабинетінде жұмыс істеу және электрондық форматта өтінімдер беру бойынша практикум.

Мақсатты аудитория: мемлекеттік органдардың мамандары, кәсіпкерлер, заңгерлер, патенттік сенім білдірілген өкілдер, бизнес, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ зияткерлік меншік саласында заманауи практикалық білім алғысы келетін барлық мүдделі тұлғалар.

Оқыту қорытындысы бойынша қатысушыларға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.

Күні: 2026 жылғы 26-28 тамыз

Уақыты: 9:30-16: 00

Орны: Алматы қ., Зенков к-сі, 47

Оқыту форматы-гибридті (онлайн / офлайн)

Бағдарлама

Семинарға тіркелу алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады.

Қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеліңіз: https://forms.yandex.ru/u/6a6b30ab5056905ba552e2a7

Семинарға қатысу құны - 23821,40 теңге (ҚҚС-пен)

Теңгемен төлеу үшін банктік деректемелер:

Алушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің" Ұлттық зияткерлік меншік институты " шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

БСН 020940003199

1) "Нұрбанк"АҚ

ЖСК KZ8584905KZ006015415

БИК NURSKZKX

КБЕ 16

КНП 859

2) "Халық Банкі"АҚ Астана өңірлік филиалы

ЖСК KZ366017111000000792

БИК HSBKKZKX

КБЕ 16

КНП 859

Қосымша ақпарат алу үшін байланысатын тұлғаларға хабарласуларыңызды сұраймыз: Әжімхан Гүлназ, Жүсупова Нурсулу, Байбатырова Гулайм: +7 7027843999, +7 777 338 88 50, 8(727)344-03-91, 8(727)344-03-93/94 телефон арқылы немесе g.azhimkhan@qazpatent.kz, n.zhussupova@qazpatent.kz, g.baibatyrova@qazpatent.kz электрондық пошта арқылы.