Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Казпатент жаңа логотипті ұсынады

29 мамыр, 2026

Көптеген жылдар бойы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ның (Қазпатент) қызметі зияткерлік меншік жүйесінің танымал белгісіне айналған бұрынғы фирмалық таңбамен ұсынылып келді.

Бүгінде технологиялардың қарқынды дамуы, цифрландыру және жаһандық өзгерістер жағдайында Казпатент ұйым дамуының жаңа кезеңін, инновацияларға ашықтықты және үздіксіз жетілдіруге ұмтылысты бейнелейтін жаңартылған логотипін ұсынады.

Жаңа визуалды бейне серпінділікті, дамуды, зияткерлік әлеуетті қорғауды және халықаралық кәсіби қоғамдастыққа ықпалдасуды білдіреді. Логотипті әзірлеу барысында брендтің сабақтастығы мен танымалдылығын сақтауға, сонымен қатар оның заманауи сипатын айқындауға ерекше назар аударылды.

Ребрендинг Казпатент қызметін жаңғырту, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ өтінім берушілермен, құқық иеленушілермен, серіктестермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс қимылды нығайту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.