Анонстар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«Антиконтрафакт-2026» XIV Халықаралық форумын өткізу туралы

14 мамыр, 2026

2026 жылғы 28 мамырда Астана қаласында Еуразиялық экономикалық форум аясында «Антиконтрафакт-2026» XIV Халықаралық форумы өтеді.
Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерде жыл сайын өткізілетін «Антиконтрафакт» форумы контрафактілік өнімнің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірлескен тәсілдерді талқылау мен қалыптастыруға арналған негізгі халықаралық алаңдардың бірі болып табылады.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Еуразиялық экономикалық комиссия және «Антиконтрафакт» халықаралық қауымдастығы ұйымдастырады.
Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, құқық қорғау және кеден қызметтерінің, халықаралық ұйымдардың, патенттік ведомстволардың және бейінді сарапшылық ұйымдардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда.
Форум аясында зияткерлік меншік саласын цифрландыру, интернет-саудадағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, тауарларды таңбалау жүйесін дамыту, темекі өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ цифрлық ортада сенім қалыптастыру мәселелеріне арналған тақырыптық пікірталас сессияларын өткізу жоспарлануда.

Өткізу орны: «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/18

Форумның басталу уақыты: сағат 09:00

Қатысушыларды тіркеу келесі сілтеме арқылы жүзеге асырылады: https://forum.anticounterfeight.org/#program.