Ұлттық зияткерлік меншік институты
2026 жылғы 15 сәуірде Kazpatent филиалының қызметкерлері КБТУ ғалымдарына патенттік және авторлық құқық объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында Kazpatent филиалының сарапшылары өнертабыстар мен пайдалы модельдердің патентке қабілеттілік шарттарын, өнертабыстарды шетелдік және өңірлік патенттеу рәсімін, сондай-ақ авторлық құқық негіздерін қоса алғанда, халықаралық келісімдер мен ҚР Патенттік заңнамасының негізгі аспектілерін атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өтінімдерді рәсімдеу және ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін қорғау бойынша практикалық ұсынымдар мен кеңестер алды.
Барлық тыңдаушыларға оқудан өткені туралы сертификаттар берілді. Kazpatent филиалы КБТУ қызметкерлеріне зияткерлік меншік саласындағы білім мен практикалық дағдыларды дамытуға белсенді қатысқаны және қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіреді.