Анонстар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Кәсіпкерлерге арналған бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша тегін онлайн-вебинарлар

25 ақпан, 2026

РМК «Ұлттық зияткерлік меншік институты» (Qazpatent) «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ, «ДАМУ» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, РМК «Қазақстан стандарттау және метрология институты», сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қазақстан кәсіпкерлерін мемлекеттік қолдау құралдары бойынша тегін онлайн-вебинарларға қатысуға шақырады.

Семинар бағдарламасында:

  • Кепілзат жеткіліксіз болған жағдайда баламалы шешімдер.
  •  Экспорттық мәмілелер кезінде тәуекелдерді азайту.
  • Шетел нарықтарында сенімді сатып алушыларды іздеу.
  • Бизнес үшін тауар белгісін тіркеудің артықшылықтары.
  • Өндірістік шығындарды ішінара өтеу.
  • Қай жерде тегін консультация мен қолдау алуға болады?

Сондай-ақ бизнесіңізді дамытуға арналған басқа да пайдалы ақпарат ұсынылады.

Семинар өңірін кәсіпорынның орналасқан жеріне сәйкес таңдауды ұсынамыз.

Вебинарға қосылу сілтемесі тіркелген қатысушыларға семинарға бір күн қалғанда тіркеу кезінде көрсетілген e-mail мекенжайына және WhatsApp нөміріне ZOOM платформасы арқылы жіберіледі.

Тіркелу сілтемесі:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSemKuwMNhrUq7TXbKO7coVqAHPHWp8sPXdAIURtSTBsqZVsCA/viewform?pli=1

Вебинарларға қатысты сұрақтар бойынша «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ бизнес-тренері Шарбану Байгошкароваға хабарласуға болады:

Байланыс нөмірі: +7 707 396 67 87

e-mail: sh.baigoshkarova@kazakhexport.kz