National Institute of Intellectual Property
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (бұдан әрі – «ҰЗМИ» РМК) Сіздерді Тауар белгісі ретінде тіркеуге мәлімделген белгілерге сараптама жүргізу жөніндегі нұсқаулық жобасын (бұдан әрі – Нұсқаулық) жария талқылаудың екінші кезеңіне қатысуға шақырады.
Өткізілетін күні: 2026 жылғы 29 қазан
Уақыты: сағат 16:00 (Астана қаласының уақыты бойынша)
Өткізу форматы: Zoom платформасы арқылы онлайн
Қосылу сілтемесі:
https://us06web.zoom.us/j/89842894658?pwd=JcRGRN1zOna6V0aOqoGZXzaGSzBmd3.1
Конференция идентификаторы: 898 4289 4658
Қатысу коды: 047636
Алдағы талқылау туралы ақпарат
2026 жылғы 19 қазанда өткен жария талқылаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша мүдделі тұлғалардың Нұсқаулық жобасына қатысты ұсыныстары мен ескертулерін 2026 жылғы 23 қазанға дейін ұсыну туралы келісімге қол жеткізілді.
Келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер жинақталып, талданып, Нұсқаулық жобасын пысықтау барысында қаралатын болады.
Бірінші кезеңнің нәтижелері ескеріле отырып пысықталған Нұсқаулық жобасын мүдделі тұлғалардың танысуы үшін алдын ала Қазпатенттің ресми сайтында орналастыру жоспарлануда.
Жария талқылаудың екінші кезеңінде енгізілген өзгерістерді қарау, келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді талқылау, сондай-ақ Нұсқаулық жобасының жекелеген ережелері бойынша келісілген тәсілдерді әзірлеу жоспарлануда.
Сіздерді талқылауға белсенді қатысып, пікір алмасуға шақырамыз.
Қатысатыныңызды растауды, сондай-ақ қосымша ұсыныстар мен ескертулер болған жағдайда оларды a.nakenov@kazpatent.kz электрондық поштасына жолдауды сұраймыз.
Құрметпен,
ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК