News

National Institute of Intellectual Property

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

Kazpatent филиалында үш күндік оқыту семинары өтті

28 August, 2026

2026 жылғы 26-28 тамыз аралығында Алматыда Kazpatent филиалының Оқу орталығы ұйымдастырған "Тауар белгілері, географиялық нұсқамалар және өнеркәсіптік үлгілер: тіркеуден бастап құқықтарды қорғауға дейін. Ұлттық және халықаралық тәжірибе", тақырыбында үшкүндік оқыту семинары өтті.

Семинарға бизнес өкілдері, заңгерлер, мемлекеттік қызметшілер, патенттік сенім білдірілген өкілдер және зияткерлік меншік саласындағы мамандар қатысты.

Іс-шара бағдарламасы зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелерін, сондай-ақ оларды тіркеу, пайдалану және құқықтарды қорғаудың практикалық аспектілерін кешенді зерттеуге бағытталған.

Тауар белгілеріне арналған блок шеңберінде қатысушылар тауар белгілерін құқықтық қорғау мәселелерін даралау құралы ретінде, ұлттық рәсім бойынша өтінімдерді сараптау ерекшеліктерін, тіркеу және тіркеуден бас тарту негіздерін, сондай-ақ Мадрид жүйесі бойынша тауар белгілерін Халықаралық тіркеуді қарастырды. Апелляциялық кеңесте тауар белгілерінің тіркеуін және сараптама шешімдеріне қатысты дауларды қарау тәжірибесі, сондай-ақ Қазақстандағы тауар белгілері бойынша сотта дауларды шешу практикасына ерекше назар аударылды.

Жеке Тақырыптық блок географиялық нұсқамалар, тауарлар шығарылған жерлердің атауларына және өнеркәсіптік үлгілерге арналды. Қатысушылар оларды құқықтық қорғау және тіркеу ерекшеліктерін, тиісті объектілерді пайдаланудың практикалық аспектілерін, сондай-ақ құқықтарды қорғау мәселелерін талқылады. Өнеркәсіптік үлгілер бөлігінде оларды құқықтық қорғаудың ерекшеліктері, Еуразиялық патенттеу жүйесі, сондай-ақ дауларды шешудің сотқа дейінгі және сот практикасы қаралды.

Басқа тақырыптық блоктар аясында қатысушылар франчайзингті зияткерлік меншікті коммерцияландыру құралы, тауар белгілеріне құқықтарды кедендік қорғау, контрафактіге қарсы іс-қимыл және тауар белгілерін жосықсыз пайдалану мәселелері қарастырды. Семинардың тәжірибелік бөлігі Kazpatent электрондық сервистерімен жұмыс істеуді қамтыды, бұл тыңдаушыларға алған білімдерін бекітуге және оларды кәсіби қызметте қолдану үшін практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік берді.

Оқыту барысында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қоюға, өзекті құқық қолдану жағдайларын талқылауға және даралау құралдарына құқықтарды тіркеу және қорғау бойынша практикалық ұсыныстар алуға мүмкіндік алды. Үшкүндік оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Kazpatent Филиалы спикерлер мен семинар қатысушыларына белсенді қатысқаны, кәсіби диалогы және зияткерлік меншік саласындағы практикалық құзыреттерді дамытуға мүдделілігі үшін алғыс білдіреді.