News

National Institute of Intellectual Property

slide
slide
slide
slide
slide

Казпатент сарапшысы ҚТЖ алаңында патенттеу жөнінде баяндама жасады

02 June, 2026

2026 жылғы 26 мамырда Физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының бас сарапшысы Мұхамедина Сандігүл Қазыбекқызы «Рационализаторлық – техникалық дамудың негізі» тақырыбында өткен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ конференциясына қатысты.

Іс-шара рационализаторлық қызметті дамыту, инновациялық техникалық шешімдерді енгізу және теміржол саласының түрлі бағыттарындағы мамандар арасында тәжірибе алмасу мәселелеріне арналды.

Конференция аясында Сандігүл Қазыбекқызы «Өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу» тақырыбында баяндама жасап, өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың негізгі аспектілерін, патенттеу тәртібін және зияткерлік қызмет нәтижелерін қорғаудың артықшылықтарын таныстырды.

Конференция басталғанға дейін қатысушылар электрмен жабдықтау шаруашылығы, автоматика және телемеханика, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қозғалыс шаруашылығы, вагон шаруашылығы және басқа да салалар бойынша өткізілген «Үздік техникалық шешім» конкурсының жеңімпаздары мен номинанттарының рационализаторлық ұсыныстары қойылған көрмемен танысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Бас инженері Садырқұлов Рамазан Болатбекұлының құттықтау сөзінен кейін С.Қ. Мұхамединаның баяндамасы тыңдалды.

Конференция қорытындысы бойынша Сандігүл Қазыбекқызы кеңеске қатысушыларды марапаттау және конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне наградалар тапсыру рәсіміне қатысуға шақырылды.