Announcements

National Institute of Intellectual Property

Бір күндік семинар: "Қазақстан Республикасындағы тауар белгілерін, өнеркәсіптік үлгілерді және географиялық нұсқамарды құқықтық қорғау"

17 April, 2026

Kazpatent филиалы Сізді Қазақстан Республикасындағы тауар белгілерін, Өнеркәсіптік үлгілерді және географиялық көрсеткіштерді құқықтық қорғау мәселелеріне арналған бір күндік оқыту семинарына қатысуға шақырады.

Семинар аясында келесі мәселелер қаралады:

  • тауар белгілері, өнеркәсіптік үлгілер және географиялық нұсқамалар: құқықтық қорғаудың түсінігі, түрлері мен шарттары;
  • Қазақстан Республикасында өтінімдерді тіркеу және сараптама тәртібі;
  • тауар белгілері мен өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу мен қорғаудың халықаралық және өңірлік жүйелері;
  • айрықша құқықтарды табыстау және шарттарды тіркеу ерекшеліктері;
  • мемлекеттік тізілімдер және өтініш берушінің жеке кабинетімен жұмыс.

Тауар белгілеріне, өнеркәсіптік үлгілерге және географиялық нұсқамаларға сараптама жүргізудің, сондай-ақ өтінімдерді дайындаудың практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылатын болады.

Мақсатты аудитория: мемлекеттік органдардың қызметкерлері, кәсіпкерлер, заңгерлер, патенттік сенім білдірілген өкілдер, бизнес, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ даралау құралдарын құқықтық қорғау саласында практикалық білім алғысы келетін барлық мүдделі тұлғалар.

Күні: 2026 жылғы 17 сәуір

Уақыты: 9:30 – 16:30

Орны: Алматы қ., Зенков к-сі, 47

Оқыту форматы-гибридті (онлайн / офлайн)

Бағдарлама

Семинарға тіркелу алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады. 

Қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелуді сұраймыз: https://forms.yandex.ru/u/69b8dc2fe010db16e8c114c9

Семинарға қатысу құны - 23 821,40 теңге (ҚҚС-пен)

Теңгемен төлеу үшін банктік деректемелер: 

Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

БСН 020940003199

1) "Нурбанк"АҚ ИИК KZ8584905KZ006015415 БИК NURSKZKX КБЕ 16 КНП 859

2) "Халық Банкі" АҚ Астана өңірлік филиалы ИИК KZ366017111000000792 БИК HSBKKZKX КБЕ 16 КНП 859

 Қосымша ақпарат алу үшін келесі тұлғаларға хабарласуыңызды сұраймыз: Тайшева Алтынай, Әжімхан Гүлназ, +7 771 4562138,                                            + 77027843999, 8(727)344-03-93, 8(727)344-03-91 телефондары немесе a.taisheva@qazpatent.kz, g.azhimkhan@qazpatent.kz, электрондық пошталары арқылы.