Ұлттық зияткерлік меншік институты
Тауар таңбасы – бір заңды немесе жеке тұлға тауарларының (қызметтерінің) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың біртектес тауарларынан (қызметтерінен) ажырату үшін қолданылатын таңбасы.
Тауар таңбасы ретінде бейнелік, сөздік, әріптік, сандық және өзге де таңбалар немесе олардың комбинациялары тіркелуі мүмкін.
Тауар таңбасы кез келген түсте немесе сандық үйлесімінде тіркелуі мүмкін.
Тауар таңбалары ретінде тіркелген таңбалардың мысалдары
Қазақстан Республикасындағы тауар таңбаларын құқықтық қорғау мемлекеттік тіркеу негізінде, сонымен бірге Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына байланысты тіркеусіз ұсынылады.
Тауар таңбаларын құқықтық қорғау жеке немесе заңды тұлғаларға ұсынылады.
Тауар таңбасына құқықтық қорғау Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiндегі жазбамен куәландырылады және Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді-көшірмесімен расталады.
Тауар таңбасының иесі оған тиесілі тауарлар мен қызметтер куәлігінде көрсетілген тауар таңбасын пайдалану мен иелік ету бойынша айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбасын оның иесінің келісімінсіз ешкім пайдалана алмайды.
«ҰЗМИ» РМК мемлекеттік монополия субъектісі ретінде келесі қызметтерді көрсетеді: