Сіздерді Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтаймыз

Құрметті достар, әріптестер және әділет ардагерлері!

Ұлттық зияткерлік меншік институты сіздерді Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтайды!

Әділет қызметкерлері әрдайым Қазақстан Республикасындағы мемлекеттілікті нығайту мен дамытудың, заңнаманы жетілдірудің, әділеттіліктің принциптерін орнатудың, азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау жөніндегі маңызды міндеттерін орындады.

Осы айтулы мереке күнінде сіздерге зор денсаулық, сәттілік және жаңа жетістіктер, жақындарыңызға амандық, бақыт тілейміз!

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 29 қыркүйегінде кәсіби мерекеге орай Әділет органдарының қызметкерлері арасында мини-футбол мен волейболдан спорттық жарыстар өтті.

Іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының командалары достық кездесуге қатысты.

Кездесу нәтижесінде Ұлттық зияткерлік меншік институты Ақмола облысы Әділет департаментіне есе жіберіп, мини-футболдан 2 орын алды және Қызылорда облысы Әділет департаментіне есе жіберіп, волейболдан 2 орын алды.

Айта кететін болсақ, «ҰЗМИ» РМК қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шараларға тұрақты түрде қатысады.

Мерекелеріңізбен!

 
Қыркүйек 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29