Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті мен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған семинар өтті

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) бірге ұйымдастырылған семинары өтті. Семинардың негізгі спикері ДЗМҰ Медиация және Арбитраждық орталығының директоры Эрик Уилберс, зияткерлік меншік саласындағы дауларды медиация және төрелік арқылы шешу, соның ішінде тауар белгілерінің сквоттингі бойынша дауларды шешудегі тәжірибені талқылау жөнінде сөз сөйледі.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев құттықтау сөзімен ашты.

 

                                                                       

Семинардың жұмысына Қазақстан Республикасының судьялары, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және патенттік сенім білдіргендер қатысты.

Семинарда сондай-ақ «ҰЗМИ» РМК өкілдері, «ҰЗМИ» РМК директорының бірінші орынбасары Калия Батаева, «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары Мақпал Шугаипова, және Тауар таңбалары және тауар щығарылған жерлердің атауларын сараптау басқармасының аға сарапшысы Абзал Әбдімүтәліп, Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу басқармасының бас маманы Нұркелді Темірхан қатысты.

Сонымен қатар заң ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры Қасым Мауленов және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Өнеркәсіптік меншік басқармасының басшысы Асемгуль Абенова спикерлер ретінде сөз сөйледі.

 

 

 
Қыркүйек 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29