Казпатент пен Әзірбайжан Республикасының зияткерлік меншік агенттігі арасында тәжірибе алмасу бойынша онлайн-тренинг өтті

Бүгін, 2021 жылғы 29 қыркүйекте Әзірбайжан Республикасы зияткерлік меншік агенттігінің өкілдерімен тәжірибе алмасу бойынша алғашқы онлайн-тренинг өтті.

Іс-шара қазақстандық тараптың бастамасымен Қазақстан-Әзірбайжан Үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық комиссиясының ұсынымдары аясында зияткерлік меншік саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен практикалық өзара әрекеттестікті дамыту мақсатында өткізілді.

Әзербайжан тарапынан Әзербайжан Республикасы зияткерлік меншік агенттігінің халықаралық байланыстар және ақпарат бөлімінің меңгерушісі Герай Дадашев пен патенттер мен тауар таңбаларын сараптау орталығы агенттігі директорының орынбасары Анар Гусейнов құттықтау сөз сөйледі.

Қазақстандық тараптың атынан онлайн -кездесуді Kazpatent директорының орынбасары Айдын Артықова ашып, тыңдаушыларды Казпатент қызметімен таныстырып, екіжақты байланыстарды дамыту бойынша нәтижелерге қол жеткізу мақсатында осындай тренингтерді өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Қазпатенттің спикері ретінде Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Алтынай Батырбекова, тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын сараптау басқармасының басшысы Индира Тайбергенова және өнеркәсіптік үлгілерді сараптау басқармасының басшысы Ләззат Салкен сөз сөйледі. Өз сөзінде спикерлер Қазақстанда Өнертабыстар, пайдалы модельдер, селекциялық жетістіктер, тауар таңбалары, тауар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер сияқты зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың ерекшеліктері туралы айтып берді.

Іс-шара тараптардың белсенді диалогымен аяқталды. Әзербайжан ведомствосының сарапшылары зияткерлік меншік нысандарын сараптауға қатысты практикалық мәселелерге назар аударды.

Тараптар зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін алдағы қадамдарды талқылады.