Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін вебинар өтті

18 мамырда  Qazpatent Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін «Зияткерлік меншік - ҚР креативті индустрияларын дамытудың маңызды құралы» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.

Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.

Qazpatent сарапшылары ҚР зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік саясат, Еуразиялық патенттік Конвенция шеңберінде өнеркәсіптік үлгілерді өңірлік қорғау, IT-шешімдерді патенттеу, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру туралы мәлеметті ұсынды.

Вебинарға қатысушыларды Өнеркәсіптік меншік объектілерін коммерцияландыру тәсілдеріне, зияткерлік меншік объектісінің патентке қабілеттілік критерийлеріне, сондай-ақ сараптама жүргізу мерзімдеріне қатысты мәселелер қызықтырды.

Болашақта басқа ЖОО-лар үшін де осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.