Елордалық оқушылармен кездесу өтті

2021 жылдың 23 желтоқсанында Kazpatent Жас өнертапқыш мектебі аясында елордалық мектептердің 150 оқушысымен кездесу өткізді.

Жас өнертапқыш мектебін өткізудің мақсаты зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау, сондай-ақ Қазақстан жастары арасында өнертапқыштықты дамытуға ынталандыру болып табылады.

Іс-шараны Kazpatent директоры Ермек Куантыров ашып, қонақтарды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, еліміздің жас ұрпақтарымен осындай кездесулерді өткізудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласында тұратын «Шапағат-2021» Республикалық өнертапқыштар байқауының жеңімпаздарын марапаттады, оның нәтижелері а.ж. 10 желтоқсанда жарияланды: Саяхат Нүкешев, Нуржан Булатов, Ақмұрат Алтынбек, Азимжан Рамазан (Анықтама: 2021 жылғы барлық он жеңімпаздың есімдері Конкурс алаңында жарияланған).

Kazpatent директоры Ермек Куантыров

Өнертапқыштар байқау ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, оқушыларды өздерінің зияткерлік еңбегінің нәтижелеріне құқықтық қорғау алуды ұмытпауға, ойлап табуға шақырды.

Саяхат Нукешев Нуржан Булатов
   
Ақмұрат Алтынбек Азимжан Рамазан 

Кездесу барысында Kazpatent Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Инкара Шертышева сөз сөйледі, ол балаларды өнертабыстар әлеміне шақырды, Kazpatent қызметінің қызықты фактілерімен бөлісті, ведомствода мектеп оқушылары қатыса алатын конкурстарға жастардың назарын аударды.

   
Инкара Шертышева  Азимжан Рамазан

Іс-шара кездесу тақырыбы бойынша интерактивті викторина өткізумен аяқталды, оның нәтижесі бойынша ең белсенді қатысушылар естелік сыйлықтар алды.

Жүргізушілер: Сауле Молдабек және Данияр Какимов 
   
Оқушыларға арналған интерактивті викторина

 

Жас өнертапқыш мектебінің іс-шаралар сериясын өткен жылы Kazpatent іске қосты. 2020 жылғы 3 ақпанда өткен алғашқы кездесуді Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев ашты.

 

 

 
Желтоқсан 2021
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31