«Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та, жасампаз бол» тақырыбында оқушылар арасында үздік эссе байқауы басталды

ҚАЗПАТЕНТ оқушылар арасында «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та, жасампаз бол» тақырыбында үздік эссеге жыл сайынғы конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Байқауға Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. 

ЭССЕ 2021 жылдың 2 қыркүйектен бастап 11 қазанға дейін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.

Байқаудың мақсаты - оқушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді кеңейту және жас ұрпақ арасында патенттік мәдениеттің негіздерін қалыптастыру.

Байқау шарттарымен https://shapagat.kazpatent.kz/kk/content/okushylar-arasynda-bolashak-senin-kolynda-oylan-tap-ta-zhasampaz-bol-konkursy сілтемесі арқылы танысуға болады.

Жеңімпаздардың есімдері 2021 жылдың 22 қазанында белгілі болады.

Толық ақпарат алу үшін байқау ұйымдастырушыларына shapagat@kazpatent.kz  электронды поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.