2019 жылдың 24, 25, 26 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалында «Өнеркәсіптік үлгілерді, тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинары

2019 жылдың 24, 25, 26 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалында «Өнеркәсіптік үлгілерді, тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинары өтеді.

            Аталған семинар зияткерлік меншік объектілерін, атап айтқанда өнеркәсіптік үлгілерді, тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау мен сақтау мақсатында өткізіледі.

            Бұл шараға бизнес құрылымдар, отандық өндірушілер өкілдері және қызығушылық танытқан тұлғалар шақырылатын болады.

       Семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылатын болады:

  • тауар таңбасының түсінігі, тауар таңбалары саласындағы заңнама нормалары;
  • ұлттық жүйе бойынша сараптама рәсімі;
  • белгілер бойынша ұқсастыққа және араласып кету деңгейіне дейінгі ұқсастыққа салыстырмалы талдау жүргізу;
  • тауар таңбаларды тіркеудің халықаралық жүйесі бойынша өтінім беру;
  • өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау;
  • өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот тәжірибесі. Тіркелген өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот дауларының мысалдары;
  • тауар шығарылған жер атауын қорғау және тіркеу талаптары;
  • авторлық құқық;
  • зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды беру;
  • зияткерлік меншік объектілеріне электронды өтінім беру.

           

            Семинардың басталу уақыты: 2019 жыл 24, 25, 26 қыркүйек, сағат 10.30-да.

            Семинар ақылы түрде өтеді және ол бойынша сертификат беріледі.

            Семинарға қатысу құны бір адамға 16485 теңгені құрайды.

          Қызығушылық танытқан барлық тұлғаларды семинарға шақырамыз!

            Семинар өтетін жер: Алматы қ., Ришат және Мүслім Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы).

            Семинарға қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына 8(727) 344-30-00 және 344-30-22 телефондары бойынша немесе edu.center@kazpatent.kz электронды поштасына хабарласуға болады.

Бағдарлама

 

 
Қыркүйек 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29