Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Алматы қаласындағы contact-center: +7 707 144 3348
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Тауар таңбасын тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту тәртібі

Тауар таңбасын тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту тәртібі

«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 1-тармағына сәйкес тауар таңбасының тiркелуi өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.

Заңның 15-бабының 2-тармағына сәйкес тауар белгісін тiркеудiң қолданылу мерзiмi оның қолданылуының соңғы жылы iшiнде иесi берген өтiнiшхат бойынша әр жолы он жылға ұзартылады.

Өтініш қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

Өтінішке меншік иесі немесе оның өкілі (патенттік сенім білдірілген өкіл) сенімхат бойынша қол қояды.

Өтінішке қоса беріледі:

1) өзгеріс енгізуге төлем жасалғандығын дәлелдейтін құжат:

2) сенім хат (егер өтініш өкіл арқылы берілсе) немесе сенім хат көшірмесі (өтініш патенттік сенім білдірілген өкілмен берілсе). Тауар таңбасын жалпыға танымал деп танудың қолданылу мерзімін ұзартуда, тауардың жалпыға танымалдығын растайтын мәліметтер бірге ұсынылуы қажет.

Өтініш пен оған қоса берілген құжаттар тікелей пошта немесе кәсіпорынның электронды поштасы арқылы тікелей сараптамалық ұйымға жіберіледі.

Сонымен бірге тіркеудің қолданылу мерзімін ұзартқаны үшін төлемді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «ҰЗМИ» РМК жүзеге асыратын жұмыстар мен қызметтер құнына сәйкес жүргізу қажет. 

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап "ШОБ субъектілерін қоспағанда, тауар белгісін, ұжымдық тауар белгісін, жалпыға мәлім тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту және ұзарту туралы мәліметтерді жариялау" қызметі үшін баға 97144,32 теңге мөлшерінде белгіленеді.

Тариф шет елдердің тәжірибесі мен халықаралық тәжірибені (ЭЫДҰ және Еуразия елдері) ескере отырып белгіленген.
 
Бұл ретте ШОБ субъектілері үшін осы қызметті төлеу кезінде жеңілдік қолданылады
 
01.01.2021 жылдан 31.12.2021 жылға дейін - 50%,
 
01.01.2022 жылдан бастап 31.12.2022 дейін – белгіленген бағадан 25%,
 
01.01.2023 жылдан бастап жеңілдік жойылады.
 
"ШОБ субъектілерін қоспағанда, тауар белгісінің, ұжымдық тауар белгісінің, жалпыға мәлім тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің қолданылу мерзімдерін ұзартқаны және ұзарту туралы мәліметтерді жариялағаны үшін 3-тен жоғары ТҚХК әрбір сыныбы үшін қосымша" қызметінің бағасы ШОБ субъектілері үшін 2021 жылға (50%) және 2022 жылға (25%) көзделген ұқсас жеңілдіктермен 16993,76 теңге мөлшерінде белгіленеді, 2023 жылғы 01 қаңтардан бастап жеңілдік жойылады.
 
 
* Өзгерістер уәкілетті органның келісімі бойынша ҚР ӘМ "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК директорының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 254нқ бұйрығына сәйкес енгізілді.
 
Сәуір 2021
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30