Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-13
kazpatent@kazpatent.kz

РСТ халықаралық өтінім беру кезіндегі ақпарат

Патенттік кооперация келісімі (РСТ) өтінім берушіге өз өнертабыстарын көптеген елдерде патенттеуге көмектеседі, патенттік ведомстваларға патент беру туралы шешім қабылдауға және өнертабысқа қатысты техникалық ақпараттың көпшілікке қол жетімді болуына ықпал жасайды. РСТ процедурасына сәйкес бір халықаралық өтінім беру арқылы, өтінім беруші өз өнертабысын көптеген әлем елдерінде қорғауға қол жеткізе алады.  

Өтінім берушіге арналған РСТ нұсқаулығымен осында таныса алады.

Патенттік кооперация келісімі және Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес Өнеркәсіптік меншік объектілері өтінімдеріне сараптама жүргізу ережесінің 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылдың 29 тамызындағы № 1350 бұйрығының 1 қосымшасына сәйкес «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК тексеру және халықаралық өтінімді жөнелту функциясына ие Қабылдаушы ведомство қызметін атқарады.

ҰЗМИ қабылдау құзіретіне ие ведомство ретінде орыс және ағылшын тіліндегі халықаралық өтінімдерді қабылдайды. Егер өтінім беруші Келісімнің 15 бабына сәйкес Халықаралық іздеу органы ретінде «Өнеркәсіптік меншік федералды институты» (ӨМФИ) Патент және тауар белгілері, зияткерлік меншік федералды қызметінің Федералды мемлекеттік мекемесін таңдаса, халықаралық өтінім орыс тілінде беріледі, егер Европалық патенттік ведомствоны (ЕПВ) таңдаса, халықаралық өтінім ағылшын тілінде беріледі.

Халықаралық өтінім ҰЗМИ-на тікелей көшірме жасауға қолайлы бір данада беріледі Халықаралық РСТ өтінімінің өтініш бланкы.

Өтінім берушілер үшін РСТ басшылығымен мына жерден танысуға болады 

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1350 бұйрығымен бекітілген «Патенттік кооперация туралы шартқа және Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді қарау қағидасының»  2-тарауына сәйкес, «ҰЗМИ» РМК халықаралық өтінімді алу, тексеру және қайта жолдау (тапсыру) байланысты қабылдаушы ведомствосының функцияларын орындайды.

"ҰЗМИ" РМК егер, кем дегенде, оның өтінім берушілерінің бірі Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасында тұратын немесе орналасқан жері бар тұлға болып табылса, өнертабысқа халықаралық өтінімге (бұдан әрі - халықаралық өтінім) қатысты құзыретті қабылдаушы ведомство болып табылады.

Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорнын иеленуші кез келген тұлға Қазақстан Республикасында тұратын немесе орналасқан жері бар (Шартқа Нұсқаулықтың 18.1 (b) ережесі) ретінде қаралады.

«ҰЗМИ»  РМК құзыретті қабылдаушы ведомство ретінде халықаралық өтінімдерді орыс немесе ағылшын тілінде қабылдайды. Егер өтінім беруші Шарттың 15-бабының мақсаттары үшін халықаралық іздестіру органы ретінде "Зияткерлік меншік, патенттер және тауар белгілері бойынша Федералдық Өнеркәсіптік меншік институты" Федералдық мемлекеттік мекемесін таңдаса, халықаралық өтінім орыс тілінде, Егер Еуропалық патенттік ведомство таңдалса, халықаралық өтінім ағылшын тілінде беріледі.

Халықаралық өтінім бір данада беріледі, олардың әрқайсысы тікелей репродукциялауға жарамды болуы тиіс. Халықаралық өтінімнің РСТ өтінішінің бланкісі 

Халықаралық өтінім құжаттарының рәсімдеу талаптары Патенттік кооперация келісімімен (РСТ) регламенттелген, РСТ нұсқаулығымен және РСТ әкімшілік нұсқаулығында.

«ҰЗМИ»  халықаралық өтінімнің РСТ 11(1) бабы және 14 бабына сәйкестігі тексеріледі. 

«ҰЗМИ»  тексеруден оң нәтижемен өткен халықаралық өтінімнің халықаралық өтінім беру күнін анықтайды және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Халықаралық бюросына, сонымен қатар, өтініште көрсетілген Халықаралық іздеу органына жөнелтуді жүзеге асырады.

Әр халықаралық өтінім бойынша төменде көрсетілген төлемдер жасалуы міндетті:

  1. Халықаралық өтінімді қарау, тексеру және жөнелту төлемі (РСТ нұсқаулығының 14 ережесі);
  2. Өтінім берудің халықаралық төлемі (РСТ нұсқаулығының 15 ережесі);
  3. Іздеу жұмыстарының төлемі (РСТ нұсқаулығының 16 ережесі).

Төлемдер халықаралық өтінім Қабылдаушы ведомствоға түскен күннен бастап бір ай ішінде төленеді

Егер халықарарлық өтінімді жөнелту төлемі,  өтінім берудің халықаралық төлемі және іздеу жұмыстарының төлемақысы РСТ нұсқаулығының 14.1(с), 15.3 және 16.1(f) Ережелеріне сәйкес аталған күнге дейін төленбесе немесе толық түрде төленбегені анықталса, өтінім берушіге бір ай ішінде аталған төлемдерді төлем жасау мерзімін өткізіп алғаны үшін төленетін ақымен бірге төлеу ұсынылады.

РСТ халықаралық өтінімдерін беру кезіндегі төленетін төлем көлемі және төлем реквизиттері туралы ақпарат 

Халықаралық фазада халықаралық өтінімге қатысты РСТ нормативтік құжаттарымен регламентелген әрекеттер жасалады, ал ұлттық фазада таңдалған шет мемлекеттің ұлттық заңнамасында көзделген әрекеттер жүзеге асырылады.

Патент алу үшін, өтінім беруші қарастырылған мерзімде (https://www.wipo.int/pct/ru/texts/time_limits.html) өзінің халықаралық өтінімін ұлттық фазаға ауыстыруы, нақты айтқанда, өзі таңдаған мемлекет аумағында  қорғауды жүзеге асыру үшін, сол мемлекеттің патенттік ведомствосына талап етілетін құжаттар мен төлем құжаттарын ұсынуы қажет.

 
Қыркүйек 2020
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30