Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Өтiнiм және оған қоса тiркелетiн құжаттар

Шығармашылық еңбектің нәтижесі ретінде өнеркәсіптік үлгі заңмен қорғалуы тиіс. Мұндай қорғауды алу үшін өнеркәсіптік үлгіні уәкілетті органда тіркеу қажет.

Өнеркәсіптік үлгіге патентті алу үшін сараптама жасау ұйымына патент алуға өтінімді беру қажет.

Қазақстан Республикасы Патент заңына сәйкес Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік үлгіге патентті беруге өтінімді заңды және жеке тұлға да бере алады. Өтінімді өтініш берушілерден басқа көркемдік-конструкторлық шешімнің авторлары көрсетіледі. Өтініш беруші мен автор бір жеке тұлға бола алады.

Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмде:

  1. өнеркәсiптік үлгi авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген патент беру туралы өтiнiш, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан жері;
  2. мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлі түсінік беретін бұйымның сыртқы түрінің бейнелерін репродукциялауға жарамды жиынтық;
  3. өнеркәсiптік үлгiнің елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын сипаттамасы;
  4. өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс.

Сонымен қатар өнеркәсіптік үлгіге арналған өтінімге оның төлемін азайту (Ұлы Отан соғысына (бұдан әрі – ҰОС) қатысушылар және жеңілдіктері бойынша ҰОС-қа қатысушыларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, кәмелетті жасқа толмағандар, оралмандар, жасы бойынша және атқарған еңбек жылдары бойынша зейнеткерлер, әскери қызметшілер үшін – тиісті құжаттың көшірмесі немесе анықтама) үшін негіздемені растайтын құжат, шағын және орта бизнес субъектілері үшін – кәсіпорын жарғысының көшірмесі қоса беріледі.

 

Өтінім құжаттары Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес ресімделуі тиіс, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына 2-қосымша

 
Мамыр 2022
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
23
24
25
26
27
28
29
30
31