Пайдалы модельге патент беруге арналған өтінімде мынадай құжаттар болуға тиіс:
1) пайдалы модель авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген патент беру туралы өтiнiш, 2 дана;
2) пайдалы модельдi оның жүзеге асырылуы үшiн жеткiлiктi, толық ашатын сипаттамасы, 2 дана;
3) оның мәнiн бiлдiретiн, сипаттамаға толық негiзделген пайдалы модельдiң формуласы, 2 дана;
4) сызбалар, 2 дана;
5) реферат, 2 дана;
6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда – сенiмхат, 1 дана
7) өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн растайтын
8) төлем мөлшерін азайту негізін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, жалпы білім беретін мектептердің, кәсіптік-техникалық училищелердің, орта техникалық оқу орындарының оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, жасы мен еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер үшін – тиісті құжаттың көшірмесі немесе анықтама, Қазақстан Республикасының Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін - кәсіпорын жарғысының көшірмесі).
Өтінімнің құжаттары Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына 2-қосымшасына сәйкес бекітілген Өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес рәсімделуі тиіс http://zan.gov.kz/client/#!/doc/124989/kaz.