Өтінім және оған қоса берілген құжаттар

Өнертабысқа патент беру өтінімі келесідей құжаттарды қамтуы керек:

1) өнертабыс авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған тұлғалар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын беру туралы өтiнiш;

2) тиiстi салада біліктілікке ие маманның өнертабысты жүзеге асыруына жеткiлiктi деңгейде сипатталған өнертабыс сипаттамасы;

3) өнертабыс объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн өнертабыс формуласы. Формула анық, нақты болуы және сипаттамаға негiзделуі тиiс;

4) егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар және өзге де материалдар;

5) реферат;

6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзiлген жағдайда – сенiмхат.

Өнертабыс өтiнiмімен бірге:

1) формальды сараптама жүргiзгені үшін ақы төлеуді қоса алғанда, өтiнiм беруге ақы төленгенiн;

2) ақы төлеу мөлшерін азайту негізін (ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК директорының 23 желтоқсан 2020 жылғы №254-нқ бұйрығы 2-ші қосымшасының  1.1 және 3.1 тармақшаларына сәйкес жеңілдікке ие тұлғалар санатына жататын өтінім берушілерге) растайтын құжаттар қоса беріледі.

Тиісті ақы төленген жағдайда төлемді растайтын құжатты тапсыру мерзімі екi айға ұзартылады.

Өтінім құжаттары Өнеркәсіптік меншік объектілері өтінімдеріне сараптама жүргізу қағидасына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жыл 29 тамыздағы № 1349 http://zan.gov.kz/client/#!/doc/124989/kaz бұйрығының 2-ші қосымшасына сәйкес рәсімделеді.