Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ТЗ

"Тауар таңбасын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

       Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 15.06.2021 № 508 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

 10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Тауар таңбасын тіркеу кезінде: 

тауар таңбасын тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміне енгізу, тауар таңбасына куәлік беру және беру туралы мәліметтерді жариялау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

Тауар таңбасына куәліктің телнұсқасын беру кезінде: 

тауар таңбасына куәліктің телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық түрінде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

"Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін және уәкілетті органның adilet.gov.kz және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz ресми сайттарында орналастырылған тауар белгілерін, тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласындағы қызметтерге және бағаларға сәйкес ақылы негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы: "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК-ның www.kazpatent.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

Тауар таңбасын тіркеу кезінде:

1) жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші;

2) сенімхаттың электрондық көшірмесі (егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш өкіл арқылы берілсе).

Тауар таңбасына куәліктің телнұсқасын беру кезінде:

1) жеке және (немесе) заңды тұлғаның қолдаухаты;

2) сенімхаттың электрондық көшірмесі (егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш өкіл арқылы берілсе).

Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар;

2) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның www.adilet.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz интернет-ресурстарында көрсетілген.

 

 

 
Қыркүйек 2022
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
26
27
28
29
30