Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-91
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-13
+7 (7273) 44-30-14
kazpatent@kazpatent.kz

Еуразиялық өтінімді беру кезіндегі ақпарат

Қазақстандық өтінім берушілер еуразиялық патент алу үшін еуразиялық өтінім беру арқылы өз өнертабысына ТМД-ның 8 мемлекетінде – Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Түрікменстанда жарамды қорғау құжатына қол жеткізе алады. Осындай негізде берілетін аймақтық патент өтінім берілген күннен бастап 20 жылға жарамды.

Патенттік кооперация келісімі және Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес Өнеркәсіптік меншік объектілері өтінімдеріне сараптама жүргізу ережесінің 7 тармағына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылдың 29 тамызындағы № 1350 бұйрығының 1 қосымшасына сәйкес «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК қабылдау, тексеру және еуразиялық өтінімді Еуразиялық патенттік ведомствоға Еуразиялық патенттік ұйымға (Еуразиялық ведомство) жөнелту қызметін атқарады.

Еуразиялық патенттік конвенцияның Патенттік нұсқаулығының (Патенттік нұсқаулық) 29 Ережесіне сәйкес, еуразиялық өтінім екі данада беріледі Өнертабысқа еуразиялық патент беру туралы өтініш.

Еуразиялық өтінім құжаттарын рәсімдеуге байланысты өтінім берушіге қойылатын талаптар Еуразиялық патенттік конвенция (конвенция), Еуразиялық патенттік конвенцияның Патенттік нұсқаулығымен (нұсқаулық) регламенттелген.

«ҰЗМИ» еуразиялық өтінімді Нұсқаулықтың 33 және 34 Ережелері талаптарына сәйкестігін тексереді.

«ҰЗМИ» тексеруден оң нәтижемен өткен еуразиялық өтінімнің өтінім беру күнін анықтайды және Еуразиялық ведомствоға жөнелтуді жүзеге асырады.

Әр еуразиялық өтінім бойынша өтінімді қарау, тексеру және жөнелту үшін тиісті төлемдер жасалуы міндетті (Нұсқаулықтың 34(3) Ережесі).

Еуразиялық өтінімдерді беру кезіндегі төленетін төлем көлемі және төлем реквизиттері туралы ақпарат 

2019 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Еуразиялық патенттік ұйым төлемдері туралы Ережесінің өзгерістеріне сәйкес Патенттік нұсқаулықтың 40(4) Ережесінде жеңілдетілген тариф қарастырылған, сонымен қатар Патенттік нұсқаулықтың 7, 13(5), 13(9) Ережесінде аталған өтінім берушілер, патент иелері, еуразиялық өтінім және еуразиялық патент құқығын өзгеге беру субъектілері төлемдерді төменде көрсетілген көлемде, яғни:

(i) Келісім құрамына кіретін мемлекеттің жеке тұлғалары – Еуразиялық патенттік ұйым төлем Ережесінің 2, 4, 5, 6, 7(1), 7(3), 8 және 11 тармақтарында қарастырылған төлем мөлшерінің 10 пайызын;

(ii) Келісім құрамына кіретін мемлекеттердің мемлекеттік ғылыми және білім беру ұйымдары - Еуразиялық патенттік ұйым төлем Ережесінің 2, 4, 5, 6, 7(1), 7(3), 8 және 11 тармақтарында қарастырылған төлем мөлшерінің 30 пайызын;

(iii) Келісім құрамына кіретін мемлекеттердің заңды тұлғалары (осы пункттердің (ii) абзацында көрсетілгендерден басқалары) - Еуразиялық патенттік ұйым төлем Ережесінің 2, 4, 5, 6, 7(1), 7(3), 8 және 11 тармақтарында қарастырылған төлем мөлшерінің 90 пайызын;

(iv) Конвенция қатысушылары қатарына кірмейтін мемлекеттердің жеке тұлғалары - Еуразиялық патенттік ұйым төлем Ережесінің 2, 4, 5, 6, 7(1), 7(3), 8 және 11 тармақтарында қарастырылған төлем мөлшерінің 50 пайызын төлейді.

 
Маусым 2020
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30