Qazpatent «Атамекен» ҰКП әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына оқыту вебинарын өткізді
Өзгертілген күні: 30/06/2022 - 18:29
29-30 маусымда Qazpatent «Атамекен» ҰКП әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына «Зияткерлік меншік - компанияңыздың құнды активі» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.
Qazpatent сарапшылары авторлық құқықты қорғау, IT-шешімдерді патенттеу мәселелерін, сондай-ақ жергілікті брендтерді дамыту құралы ретінде тауар шығарылған жердің атауын мәселелерін қамтыды.