Оқиғалар күнтізбесі

2019 year

2019 жылдың 05 наурызында Алматы қ. Филиалының «ҰЗМИ» Оқу орталығы дөңгелек үстел өткізді

2019 жылдың 05 наурызында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Алматы қ. филиалының («ҰЗМИ» филиалы) Оқу орталығы «Тауарлар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау және тіркеу талаптары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

2019 жылдың 01 наурызында «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы «Kaspi Bank» АҚ арналған семинар өткізді

2019 жылдың 01 наурызында «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы «Kaspi Bank» АҚ арналған «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, сақтау және бағалау» тақырыбында семинар өткізді.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Өтініш берушілер мен мүдделі тұлғалардың назарына!

2019 жылдың 26 ақпанында «ҰЗМИ» Авторлық құқық» тақырыбында оқыту семинары болып өтті

2019 жылдың 26 ақпанында «Ұлттық зияткерлік меншік институтының» («ҰЗМИ» филиалы) Алматы қ. филиалында «Авторлық құқық» тақырыбында оқыту семинары болып өтті.

Алғы сөзді филиал директоры З. Орынбекова алып, авторлық құқық саласындағы заңнамалық актілеріне енгізілген кейбір өзгерістер туралы айтып берді.

"ҰЗМИ" РМК-ға Өзбекстан Республикасының зияткерлік меншік агенттігінің делегациясы жұмыс сапарымен келді

2019 жылдың 25 ақпанында "ҰЗМИ" РМК-ға Өзбекстан Республикасының зияткерлік меншік агенттігінің делегациясы (Халықаралық бөлім басшысы Бахром Рахимбердиев, Формальды сараптама бөлімінің басшысы Уктам Ибрагимов, Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзу мониторингі бөлімінің басшысы Жахонгир Мансуров және Тауар таңбалары бөлімінің басшысы Дильмурат Шерматов) жұмыс сапарымен келді.

Қарағанды қ. зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және сақтау сұрақтары бойынша оқу семинарлары өтті

2019 ж. 14 - 15 ақпанда Қарағанды қ. жоғарғы оқу орнындарында зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және сақтау сұрақтары бойынша оқу семинарлары өтті. «ҰЗМИ» РМК спикерлері, атап айтқанда, департамент пен басқарма басшылары және сарапшылары А. Артыкова, А. Тринколенко, С. Умбетова, А. Казиева, Л. Салкен, Д.Нығметов және А.

«QAZAQ» РАДИОСЫНДА «ӨНЕРТАПҚЫШ» РАДИОХАБАРЫ

2019 жылғы 15 ақпанда «ҰЗМИ» РМК «QAZAQ» радиосымен бірлесіп ұйымдастырған жаңа «Өнертапқыш» циклынан кезекті радиохабар өтті. «QAZAQ» радиосында қонақта  «СтройБытНевтеХимТехнология» ЖШС директоры, жоғары білікті химик-технолог, тұрмыстық химия және құрылыс саласындағы бірқатар инновациялық патенттердің иесі, «Синтетикалық жуғыш құралы» атты өнертабысының «Шапағат» өнертапқыштар конкурсының дипломанты (2013)  Досмағамбетова Маржан Қуанышқызы болды.

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында оқу семинары өткізілді

2019 жылы 13 ақпанда Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында (бұдан әрі – Орталық) зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың мәні туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында "ҰЗМИ" РМК өкілдерінің қатысуымен Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу мәселелері бойынша семинар өтті.

ХАБАРЛАНДЫРУ! 2019 ЖЫЛҒЫ 13 АҚПАНДА АНА МЕН БАЛА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНДА «ҰЗМИ» РМК БАСШЫЛЫҒЫ МЕН САРАПШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕМИНАР ӨТЕДІ

2019 жылғы 13 ақпанда Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында «ҰЗМИ» РМК басшылығы мен сарапшыларының қатысуымен зияткерлік меншік объектілерін тіркеу мәселелері бойынша семинар өтеді.

Күні мен уақыты: 13 ақпан, 16:00- де

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығында оқу семинары өткізілді

2019 жылы 13 ақпанда Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығында (бұдан әрі – Орталық) зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың мәні туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында "ҰЗМИ" РМК өкілдерінің қатысуымен Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу мәселелері бойынша семинар өтті.

Обучающий семинар проведен в Международном центре зеленых технологий и инвестиционных проектов

13 февраля 2019 года в целях правовой пропаганды значения интеллектуальной собственности и ее правовой охраны в Международном центре зеленых технологий и инвестиционных проектов (далее – Центр) состоялся семинар по вопросам регистрации объектов интеллектуальной собственности с участием представителей РГП «НИИС».

«Astana Hub» алаңында IT саласындағы шешімдерді патенттеу сұрақтары бойынша оқыту семинары өтті

7 ақпанда «ҰЗМИ» РМК басшылығы мен сарапшыларының қатысуымен «IT саласындағы шешімдерді патенттеу. Зияткерлік меншік объектілерін қорғау және сақтау» тақырыбында Astana Hub алаңында оқыту семинары өтті.

«ҰЗМИ» РМК мен Назарбаев Университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

2019 жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен "ҰЗМИ" РМК өкілдері ынтымақтастық туралы меморандум жасасу мақсатында Назарбаев Университетіне іскери сапармен барды.

2019 ЖЫЛҒЫ 1 АҚПАНДА «ҰЗМИ» РМК МЕН НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЮ ЖОСПАРЛАНУДА

Жұма күні 2019 жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және "ҰЗМИ" РМК делегациясы Назарбаев Университетіне іскерлік сапармен баруды жоспарлап отыр, оның аясында "ҰЗМИ" РМК мен Назарбаев Университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылады. Тараптар инновациялық экономиканы дамыту, адами капитал мен Қазақстанда жоғары технологиялық білімді өндіру салаларында ынтымақтасуға ниет білдіреді.

«ҰЗМИ» РМК ӨКІЛДЕРІ «ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ» ҰК АҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

2019 жылғы 28 қаңтарда «ҰЗМИ» РМК өкілдері Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Айдын Артыкова бастаған «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ өкілдерімен зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және сақтау мәселелері бойынша кездесу өткізді.

«QAZAQ» РАДИОСЫНДА «ӨНЕРТАПҚЫШ» РАДИОХАБАРЫ

2019 жылдың 25 қаңтарында «ҰЗМИ» РМК «QAZAQ» радиосымен бірлесіп ұйымдастырған жаңа «Өнертапқыш» циклынан алғашқы радиохабары өтті.  Бағдарламаның жүргізушісі Әйгерім Оралбекқызы жыл бойы өздерінің өнертабыстары туралы айтып беретін Қазақстандық өнертапқыштарды студияға шақырады. Бағдарлама апта сайын жұма күні сағат 15.30 шығады және YOUTUBE арна арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕР МЕН МҮДДЕЛІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

«ҰЗМИ» РМК ресми сайтында http://kazpatent.kz/ru «Біз туралы» - «Тарифтер» бөлімінде «ҰЗМИ» РМК директорының сараптама ұйымы көрсететін қызметтердің өзекті бағаларымен 2019 жылғы 3 қаңтардағы Бұйрығы орналастырылған.

Сонымен қатар, бұрын көрсетілетін қызметтер бойынша бағалар бұрынғыдай қалды.

ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕР МЕН МҮДДЕЛІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

2014 жылдан бастап «ҰЗМИ» РМК Зияткерлік меншік саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Қызметтердің көпшілігі өтінім беру, сараптама жүргізу, тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім шығару, мемлекеттік тізілімде тіркеу, қорғау құжатын беру және мәліметтерді жариялау сияқты бизнес-үдерістерді қамтыды.

«ҰЗМИ» РМК-НЫҢ ASTANA HUB-ТА ФРОНТ ОФИСІНІҢ АШЫЛУЫ

 «ҰЗМИ» РМК Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркімен ынтымақтастығы шеңберінде технопарк аумағында фронт офисінің ашылуы жайында хабарлайды.

 
Тамыз 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31