Оқиғалар күнтізбесі

2019 year

2019 жылғы 4 сәуірде "ҰЗМИ" РМК Алматы қаласындағы филиалы №99 жалпы білім беретін мектепте семинар өткізді

2019 жылдың 4 сәуірінде қазақстандық оқушыларды ынталандыру мен зияткерлік әлеуетін қолдау мақсатында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» филиалы Алматы қаласының №99 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушыларына арналған «Зияткерлік меншік объектілерінің негізі мен оларды қорғау. Ғылым мен техникадағы таңғажайып өнертабыстар» тақырыбында семинар өткізді.

2019 жылдың 29 сәуірінде тауар таңбалары, тауар шығарылған жердің атаулары мен өнеркәсіптік үлгілерге өтінім беру және тіркеу рәсімі мәселелері жөніндегі семинар өтеді

Кәсіпкерлер мен барлық мүдделі тұлғалардың назарына!

Техникалық жұмыстар

Өтініш берушілер мен мүдделі тұлғалардың назарына!

"ҰЗМИ" РМК "тіркелген зияткерлік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімі" сайтында техникалық жұмыстар жүргізілетіндігі туралы хабарлайды gosreestr.kazpatent.kz ескерту. Осыған байланысты вебресурс 10 сәуірге дейін қолжетімсіз болады.

24, 25, 26 сәуірде «Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбы бойынша «ҰЗМИ» РМК филиалында семинар өтеді.

        Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" филиалында 2019 жылдың 24, 25, 26 сәуірінде "Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау"тақырыбында оқыту семинары өтеді.

2019 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында "ҰЗМИ" РМК қызметкерлерімен дәріс сабағы өтті

2019 жылғы 2 сәуірде "ҰЗМИ" РМК қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында докторанттарға зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша көшпелі дәріс оқыды.

«Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген өнертапқышы» атағын беру байқауы басталды

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 1272, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 тамыздағы № 410, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 тамыздағы № 583 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 тамыздағы № 319 бірлескен бұйрығына және Қазақстан Республикасының

ЕАПВ Президенті Сауле Тлевлесова мен Роспатент жетекшісі Григорий Ивлиевтің «ҰЗМИ» РМК-ға ресми сапары өтті

2019 жылғы 29 наурызда Еуразиялық патенттік ведомствосының Президенті Сауле Тлевлесованың басшылығы мен Зияткерлік меншік бойынша Федералдық институт (Роспатент) өкілдерінің, жетекшісі Григорий Ивлиевтің «ҰЗМИ» РМК-ға ресми сапары өтті.

2019 жылғы 27 наурызда «ҰЗМИ» РМК директорының м.а. К.О. Батаева БҰҰ өкілдерімен кездесу өткізді

2019 жылғы 27 наурызда «ҰЗМИ» РМК-да «ҰЗМИ» РМК директорының міндетін атқарушы Калия Батаева БҰҰ өкілдерімен сақтандыру мәселелері бойынша Боян Константинов және бағдарламалық талдаушы Константин Сокульск

Назар аударыңыз! «Шапағат» форумы аясында Өнертапқыштар байқауы басталды

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 26 сәуірі мен 26 тамызы аралығында өткізіледі.

Конкурс жыл сайын өткен жылдың қорытындысы бойынша электронды түрде өткізіледі.

Ұлттық зияткерлік меншік институты барлық Қазақстандықтарды дәстүрлі Наурыз мейрамымен құттықтайды,барлығына бейбітшілік, амандық, өзара түсіністік және бір-біріне құрмет тілейді!

2019 жылдың 20 наурызында Наурыз мерекесі қарсаңында Ұлттық зияткерлік меншік институтында салтанатты іс-шара өтті.

«ҰЗМИ» РМК директорының міндетін атқарушы Калия Батаева ұжымды жарқын мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс пен гүлденуді, мықты денсаулық пен отбасыларда амандық тіледі.

«ҰЗМИ» РМК Астана қаласы Әділет департаментімен бірлесіп семинар өткізді

2019 жылдың 18 наурызында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ҰЗМИ» РМК) Астана қаласы Әділет департаментімен бірлесіп, «Тауар таңбаларына, тауар шығарылған жерлердің атауларына және өнеркәсіптік үлгілерге өтінім беру және оларды тіркеу процедуралары. Тауар таңбаларын қорғау құқығы» атты семинар өткізді.

2019 жылдың 15 наурызында «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы оқушыларға арналған құқық түсіндіру жұмысы жүргізілді

2019 жылдың 15 наурызында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы Алматы қаласының №169 мектеп-лицейінде 10 сынып оқушыларына арналған «Авторлық құқық негіздері» тақырыбында құқық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Мектептің он екі жылдық тарихы бар және онда  жалпы білім беру мен жекелеген физика, математика, химия мен биология пәндерін  тереңдетіп  оқыту  жүзеге  асырылуда.

2019 жылдың 12,13,14 наурыз күндері «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Алматы қ. филиалында оқыту семинары өткізілді

2019 жылдың 12,13,14 наурыз күндері «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Алматы қ. филиалында «Өнеркәсіптік үлгілерді, тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

«ҰЗМИ» РМК алаңында ғылыми-практикалық семинар өтті

2019 жылдың 13 наурызында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы Ұлттық зияткерлік меншік институтында «Тауар таңбаларының айырғысыз дәрежеге дейін ұқсастығы мәніне мәселені шешу кезінде есептеу техникасы» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізді.

Патенттік сенім білдірілген өкілдер одағының құрамындағы өзгерістер

2019 жылдың қаңтарында 2017-2018 жылдарға арналған одақтың есеп беру және сайлау жиналысы өткізілді, онда атқарылған жұмыстар туралы есептер тыңдалды, басқарманың жаңа құрамын, одақ басқармасының және тексеру комиссиясының төрағасын сайлау, сондай-ақ одақтың құрамына мүшелерді енгізу және құрамынан шығу жүргізілді. 

2019 жылы 12 наурызда ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «ҰЗМИ» РМК қызметкерлерімен оқыту семинары өткізілді

2019 жылы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «ҰЗМИ» РМК қызметкерлері 2-ші және 3-ші курс курсанттары, сондай-ақ академияның профессорлық-оқытушылық құрамы үшін «Зияткерлік меншік саласындағы ҚР заңнамасындағы өзекті өзгерістер» туралы оқыту семинарын өткізді.

«ҰЗМИ» РМК Директорының бірінші орынбасары Қалия Батаева «Хабар 24» телеарнасындағы «Кабинеттер» атты хабарындағы сұхбаты

«ҰЗМИ» РМК директорының бірінші орынбасары Қалия Батаева «Хабар 24» телеарнасындағы «Кабинеттер» атты хабарында сұхбат берді. Сұхбат барысында институт қызметі туралы сұрақтар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайлы және зияткерлік меншік саласындағы заңнамадағы өзекті өзгерістер туралы мәселелер талқыланды.

 

 

 

>

«ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспановтың «Хабар 24» телеарнасындағы «Пища для размышления» атты хабарындағы сұхбаты

«ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспановтың «Хабар 24» ТА-да «Пища для размышления» атты хабарында сұхбат берді.  Сұхбат барысында Ербол Оспанов журналистке бөтен тауар таңбаларын заңсыз пайдаланудың алдын алу шаралары туралы, уақытылы тіркеу және зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғауы мен қорғаудың маңыздылығы туралы айтып берді.

 

 

 

 
Тамыз 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31