Оқиғалар күнтізбесі

2019 year

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті мен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған семинар өтті

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) бірге ұйымдастырылған семинары өтті.

«Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ арналған семинар өткізілді

2019 жылдың 19 қыркүйегінде Ынтымақтастық туралы келісім аясында Алматы қ. IT-Квартал ғимаратында Оқу орталығы «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорына арналған «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мен сақтау» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар жұмысына Парктің әр түрлі жобалар бойынша стартаперлері қатысты.

«ҰЗМИ» РМК өкілі АҚШ және Орталық Азия елдерінің зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі сұрақтар бойынша жұмыс тобы сарапшыларының отырысына қатысты

Алматы қаласында 2019 жылдың 17-18 қыркүйегінде АҚШ Сауда Департаментінің Коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасы (CLDP) АҚШ Сауда министрлігі сауда өкілі кеңсесінің үйлестіруімен (USTR), АҚШ патенттік-тауарлық белгілері бюросы (USPTO), АҚШ Сауда министрлігінің халықаралық сауда басқармасы (DOC/ITA),  ұйымдастыруымен  АҚШ пен Орталық Азия зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі сарапшылар жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Құрметті әріптестер! Сіздерді шын жүректен Ұлттық зияткерлік меншік институтының құрылған күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, өркендеу және кәсіби салада сәттілік тілейміз!

                                    

«ҮЗМИ» РМК қызметкерлері машина жасаушылардың VII форумына қатысты

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 12-13 қыркүйек күндері ЕХРО Конгресс-Орталығында Қазақстандық машина жасаушылардың VII форумы өтті. Форумды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі және Қазақстанның машина жасаушылар одағы. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ форумның бас серіктесі болды.

Ақпараттық хабарлама

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Қ. Жұмағалиевпен 2018 жылғы 19 қарашада Зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жөніндегі Жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілді. 

Тәжікстан Республикасының Патенттік ведомство делегациясы «ҰЗМИ» РМК сапармен келді

2019 жылдың 12 қыркүйегінде Тәжікстан Республикасының сауда және экономикалық даму министрлігінің Ұлттық патенттік-ақпараттық орталығы директорының м.а. Мирзо Исмоилзада, директордың кеңешісі Геннадия Купайи, халықаралық тауар таңбаларын тіркеу басқармасының басшысы Парвиз Миралиев, өнертабыстар және өнеркәсіптік үлгілерді сараптау басқармасының басшысы Баходур Назаров бастаған делегация «ҰЗМИ» РМК   сапармен келді.

2019 жылдың 12 қыркүйегінде Алматы қаласының Әділет департаменті семинар өткізді

2019 жылдың 12 қыркүйегінде Алматы қаласының Әділет департаменті тұрғындардың құқықтық білім деңгейін көтеру мен зияткерлік меншік мәселелері бойынша хабардар ету мақсатында кәсіпкерлерге, құқық иеленушілерге және зияткерлік меншік объектілерін пайдаланушыларға арналған семинар өткізді. 

Нұр-Сұлтан қаласында өткен дипломатиялық конференцияда Еуразиялық патенттік конвенциясының Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамасына қол қойылды

Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 9 қыркүйегінде, 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патенттік конвенциясының Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы қабылдау жөніндегі дипломатиялық конференция өтті. (Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттама).

Нұр-Сұлтан қаласында Еуразиялық патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесінің отырысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 10 қыркүйегінде, Еуразиялық патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесінің отыз бесінші отырысы (кезекті жиырма алтыншы) өтті.

Еуразиялық патенттік ұйымы Еуразиялық патенттік ведомствосының (ЕАПВ) Президенті Сауле Тлевлесова Қазақстандық патенттік ведомствосының сарапшысын құрмет грамотасымен марапаттады

Ұлттық зияткерлік меншік институты ғимаратында Еуразиялық патенттік ұйымы Еуразиялық патенттік ведомствосының (ЕАПВ)  Президенті Сауле Тлевлесова Еуразиялық патенттік ұйымы мен Еуразиялық патенттік жүйесінің тиімді жұмысы мен дамуына қосқан үлесі үшін салтанатты түрде «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар және селекциялық жетістіктерді формалды сараптау басқармасының бас сарапшысы Камида Сагадатовна Искакованы құрмет грамотасын тапсырды.

2019 жылдың 24, 25, 26 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалында «Өнеркәсіптік үлгілерді, тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинары

2019 жылдың 24, 25, 26 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалында «Өнеркәсіптік үлгілерді, тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинары өтеді.

2019 жылдың 29-30 тамызы аралығында «ALTYN OIMAQ» форум-көрмесі өтті

     2019 жылдың 29-30 тамыз аралығында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Азиялық даму банкінің қолдауымен «Көрме» көрме орталығында «ALTYN OIMAQ»  көрме-форумы өткізілді, іс-шараның серіктесі Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры болды.

Жыл сайынғы оқушылар арасында «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та жасампаз бол» үздік шығарма конкурсы басталды.

«ҰЗМИ» РМК жыл сайынғы оқушылар арасында «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та жасампаз бол» конкурсының басталғандығы туралы жариялайды.

Конкурстың мақсаты оқушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру және зияткерлік меншік саласындағы білімді арттыру.

Өнертабыс саласындағы жетістіктерінің жыл сайыңғы «Шапағат» конкурсы басталды

Қыркүйектің 1-нен бастап өнертапқыштық қызметті насихаттау және өнертапқыштық қызмет туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында жыл сайынғы «Шапағат» өнертабыс саласындағы жетістіктер конкурсының қатысушыларына SMS-дауыс беру ашық деп жарияланады.

Конкурс «ҰЗМИ» РМК ресми сайтының «Шапағат өнертапқыштар байқауы» бөлімінде өткізіледі.

«ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы оқыту семинарын өткізді

     2019 жылдың 27 тамызында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау. Авторлық құқық негіздері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
 

Ақпараттық хабарлама

ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ы Сіздердің назарларыңызға, 2019 жылдың 2 тамызында ҚР Әділет министрлігінің «Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 қазандағы №1481 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы»  бұйрығының әрекеті енгізілді.

Қазақстан Республикасы азаматтарының дәрілік препараттарға қолжетімділігін жақсарту мәселелері бойынша Ұлттық диалог өткізілді

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 31 шілдесінде Қазақстан Республикасының азаматтарының дәрілік препараттарға қолжетімділікті жақсарту жөніндегі сұрақтар бойынша СК Фармация, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы, «ҰЗМИ» РМК-ы, зияткерлік меншік саласы бойынша халықаралық  эксперттер, «Answer» қоғамдық  қорының филиалы, «AGEP’C»  қоғамдық қоры, «АИВ мен тұратын адамдардың Орта-Азиялық Ассоциациясы» ЗТБ-нің қатысуымен Ұлттық диалог өт

«ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы «Бритиш Американ Тобакко Казахстан Трейдинг» ЖШС арналған семинар өткізді

2019 жылдың 31 шілдесінде «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы «Бритиш Американ Тобакко Казахстан Трейдинг» ЖШС арналған «Тауар таңбалары дараландыру құралдары ретінде. Шарт түрлері және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды пайдалану» тақырыбында семинар өткізді.

 
Тамыз 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31