Оқиғалар күнтізбесі

2019 year

2019 жылдың 8 қарашадағы іс-шара

  • «Атамекен» ҰКП «Кәсіпкерлік сағат» жобасы аясында «Контрафактімен күрес: мәселелер мен сын-қатерлер» тақырыбында кездесу үйымдастырылды;
  • «ҚазМұнайГаз Инжиниринг» ЖШС қызметкерлеріне зияткерлік меншік обьектілерін тіркеу туралы тренингі;
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық биотехнологиялар орталығы» РМК «Өнертабыстың болашағы. Биотехнология және патенттер» тақырыбында семинар.

Қытайдың авторлық құқығы бойынша Ұлттық әкімшілігінің делегациясымен кездесу өтті

«ҰЗМИ» РМК 2019 жылдың 4 қарашасында Қытайдың (NCAC) авторлық құқығы бойынша Ұлттық әкімшілігінің делегациясы құрамында NCAC авторлық құқығы департаментінің бас директоры Ю Сике мырза, NCAC бақылау және қамтамасыз ету басқармасының директоры Жао Жие мырза, NCAC халықаралық істер басқармасының директоры Ху Пинг ханым, Қытайдың жазбаша туындыларына авторлық құқық қоғамының бас директоры Жанг Хонгбо мырза іс-сапармен келді.

Назарбаев орталығында салтанатты түрде үш республикалық конкурстардың және «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік универсиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Бүгін 2019 жылдың 25 қазанында  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорында ҚР Әділет министрлігі және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК ұйымдастыруымен, республикалық конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

ҰЗМИ онлайн-сауалнаманы іске қосты

Құрметті өтініш берушілер және олардың өкілдері!

Біз сіздерді өнертабысқа арналған өтінім сараптамасы бойынша ҰЗМИ қызмет көрсету сапасына қанағаттану туралы

онлайн-сауалнамаға қатысуға шақырамыз.

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлерімен «Астана медицина университеті» КЕ АҚ семинар өтті

Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылы «Астана медицина университеті» КЕ АҚ «Өнертабыстағы Болашақ. Инновациялар және денсаулық» семинары өтті. Семинарды «Астана медицина университеті» КЕ АҚ және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК ұйымдастырды.

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері «ҚазМұнайгаз Инжиниринг» ЖШС тренинг өтті.

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 24 қазанында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК қызметкерлері зияткерлік меншік обьектілерін құқықтық қорғау сұрақтары бойынша тренингке қатысты.

Оқу орталығы 3 күндік оқыту семинарын өткізді

2019 жылдың 22, 23, 24 қазан күндері «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды рәсімдеу: өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

«Болашақ сенің қолында: ойлан тап та жасампаз бол» оқушылар арасындағы үздік шығарма конкурсының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 2019 жылдың 14 қазанында «Болашақ сенің қолында: ойлан тап та жасампаз бол» оқушылар арасында үздік эссе республикалық конкурсының қорытындысы анықталды. Конкурс 2019 жылдың 2 қыркүйегінде басталған.

ҰЗМИ бірінші күзгі «Run for Jusitce-2019» жүгіруді өткізді

Бүгін 2019 жылдың 12 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон саябағында Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай күзгі «Run for Jusitce-2019» атты жүгіруді өткізді. Стартқа 100 аса әуесқой жүгірушілер шықты.

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған «Қазақстанда авторлық құқықтың негіздері» семинары және қауіпсіздік мәселелері бойынша VI IP-форумына қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 10 қазанында  қауіпсіздік мәселелері бойынша ITV Axxsonsoft, Intel, Gruding Security, Twin Pro, Commax, NODER және «Рубикон» компаниялар тобы ұйымдастырған VI IP-форумы өтті.

«Шапағат-2019» өнертапқыштар республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 2019 жылдың 11 қазанында Дүниежүзілік зияткерлік меншік күніне орай осы жылдың 26 сәуірінде басталған «Шапағат» өнертапқыштар республикалық онлайн  конкурсы жеңімпаздарының қорытындысы анықталды.

Конкурс өнертапқыштық қызметін үгіт-насихаттау мақсатында, қоғамда өнертапқыштық ақпараттың деңгейін арттыру.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы басшылығымен жұмыстық кездесу өтті

Бүгін 2019 жылдың 9 қазанында Ұлттық зияткерлік меншік институтында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы басшылығымен жұмыстық кездесу өтті.

Кездесудің басты тақырыбы тауар таңбаларының нормативтік актілерін тіркеу және қорғау саласын сот-сараптамалық тауартану зерттеулерімен үйлестіру жөніндегі сұрақтар болды.

Алматы қаласында «Авторлық және сабақтас құқықтар: сот (арбитраж) тәжірибесінің өзекті проблемалары» үшінші халықаралық конференциясы болып өтті

2019 жылдың 3-4 қазан күндері  Алматы қаласында «Авторлық және сабақтас құқықтар: сот (арбитраж) тәжірибесінің өзекті проблемалары» үшінші халықаралық конференциясы өтті. Аталған іс-шараны «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау бойынша коммерциялық емес ұйымы» жеке мекемесі және «Братусь, Сагадиев, Демеубаев и Партнёры» заң фирмалары ұйымдастырды.

ДЗМҰ Бас Ассамблеясының аясында ҰЗМИ және ЕАПВ арасында Электрондық құжат алмасу туралы келісімге қол қойылды

2019 жылдың 30 қыркүйегінде ДЗМҰ Бас Ассамблеясының аясында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры Е. Оспанов және Еуразиялық патенттік ведомствосының президенті С. Тлевлесова Электрондық құжат алмасу туралы келісімге қол қойды.

Қазақстандық делегация Женева қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) мүше-мемлекеттер Ассамблеясының елу тоғызыншы серия отырысына қатысуда

Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаев, Зияткерлік меншік құқығы департаменті директоры Ермек Куантыров, «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов және «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары Макпал Шугаипова құрамына кірген Қазақстандық делегация Женева қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) мүше-мемлекеттер Ассамблеясының елу тоғызыншы серия отырысына қатысуда.

Сіздерді Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтаймыз

Құрметті достар, әріптестер және әділет ардагерлері!

Ұлттық зияткерлік меншік институты сіздерді Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтайды!

ҰЗМИ Алматы қ. филиалында 3 күндік оқыту семинары өткізілді

2019 жылдың 24-26 қыркүйек күндері «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалында «Өнеркәсіптік үлгілерді, тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

ДЗМҰ (WIPO) медиация және арбитраждық орталығының директоры Қазпатент кәсіпорнында болды.

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 25 қыркүйегі күні Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (WIPO) медиация және арбитраждық орталығының директоры Эрик Уилберс «ҰЗМИ» РМК болды.

Кездесуді құттықтау сөзімен «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов ашты.

 
Тамыз 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31