Оқиғалар күнтізбесі

Қараша 2019

Назарбаев Университетінде Қазақстанда технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы желісін құру және дамыту бойынша оқыту семинары өтті

27-28 және 29 қараша күндері Назарбаев Университетінде  үш күндік оқыту семинары өтті.

Іс-шара «ҰЗМИ» РМК  ДЗМҰ ынтымақтастығы негізінде және Назарбаев Университетінің «NURIS» инновациялық кластерімен ұйымдастырылды.

Сауалнамаға қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметті өтініш берушілер және олардың өкілдері!

2019 жылдың қазанында біз өнертабысқа өтінімдерді сараптау бойынша ҰЗМИ қызметтерінің сапасына сіздің қанағаттанушылық деңгейін анықтау үшін онлайн-сауалнама жүргізген болатынбыз.

Нәтижелер респонденттердің 85%, біздің қызмет көрсетулерімізге қанағаттанғанын көрсетті.

Оқу орталығы студенттерге арналған семинар өткізді

2019 жылдың 28 қарашасында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Оқу орталығы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттеріне арналған «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мен сақтаудың негіздері» тақырыбында семинар өткізді.

27-28 қараша 2019 жылы семинар өтеді

 

ҚР Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және «Назарбаев Университеті» ДББҰ, «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ («NURIS» жеке мекемесі) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен бірлесіп 2019 жылдың 27-29 қарашасында Қазақстанның технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтары Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының жобасына қосылуы бойынша халықаралық семинар өткізеді.

Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының негізгі міндеттері өнертапқыштарға, шағын және орта бизнеске, патенттеушілерге, патенттік сенім білдіргендерге және басқа да мүдделі тұлғаларға көмектесу. Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының мемлекеттік және аймақтық университеттердің базаларында географиясын кеңейту мақсатында, Сіздерді жоғарыда көрсетілген семинарлардың жұмысына қатысуға шақырамыз.

Алдын ала бағдарлама қоса беріледі.

  • Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 27-28 қарашасында Қабанбай батыр даңғылы, 53, С3 блогы, №3015 конференц-залы;
  • Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 29 қарашасында, ұйымдастырушылар обьектілерді күзету және қорғау бойынша оқыту семинарын өткізеді. Мекен-жайы: Қабанбай батыр даңғылы 53, С3 блогы, №1022 конференц-залы.

НУ және  («NURIS» ЖМ) атынан байланыс тұлғасы Толыбаев Жалгас Манатович, тел. 8 (7172)70-63-62, ұялы тел. 8 707 909 07 50.

Сіздің тарапыңыздан қатысушы туралы ақпаратты (Т.А.Ж., лауазымы, байланыс телефоны) zhalgas.tolybayev@nu.edu.kz электрондық адресіне жолдауыңызды сұраймыз.

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ басшылығымен кездесу өтті

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК  2019 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ басшылығымен жұмыстық кездесу өтті.

27-28 қараша 2019 жылы семинар өтеді

 

ҚР Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және «Назарбаев Университеті» ДББҰ, «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ («NURIS» жеке мекемесі) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен бірлесіп 2019 жылдың 27-29 қарашасында Қазақстанның технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтары Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының жобасына қосылуы бойынша халықаралық семинар өткізеді.

Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының негізгі міндеттері өнертапқыштарға, шағын және орта бизнеске, патенттеушілерге, патенттік сенім білдіргендерге және басқа да мүдделі тұлғаларға көмектесу. Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының мемлекеттік және аймақтық университеттердің базаларында географиясын кеңейту мақсатында, Сіздерді жоғарыда көрсетілген семинарлардың жұмысына қатысуға шақырамыз.

Алдын ала бағдарлама қоса беріледі.

 

  • Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 27-28 қарашасында Қабанбай батыр даңғылы, 53, С3 блогы, №3015 конференц-залы;
  • Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 29 қарашасында, ұйымдастырушылар обьектілерді күзету және қорғау бойынша оқыту семинарын өткізеді. Мекен-жайы: Қабанбай батыр даңғылы 53, С3 блогы, №1022 конференц-залы.

НУ және  («NURIS» ЖМ) атынан байланыс тұлғасы Толыбаев Жалгас Манатович, тел. 8 (7172)70-63-62, ұялы тел. 8 707 909 07 50.

Сіздің тарапыңыздан қатысушы туралы ақпаратты (Т.А.Ж., лауазымы, байланыс телефоны) zhalgas.tolybayev@nu.edu.kz электрондық адресіне жолдауыңызды сұраймыз.

Оқу орталығы семинар өткізді

2019 жылдың 21 қараша күні «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «ҚР ӘМ Ұлттық зияткерлік меншік институтында" тіркеу арқылы Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын құқықтық қорғау және халықаралық келісімдерге сәйкес халықаралық тауар таңбаларын тіркеу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ баяндамалармен сөз сөйледі

Осы жылдың  15  қарашасында «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ  «Болашақтың өнертабысы. Зияткерлік меншік обьектілерін қорғау » атты семинары өтті.  «ҰЗМИ» РМК қызметкерлері  зияткерлік меншік обьектілерінің түрлері бойынша баяндама жасады, құқықтық қорғауды қамтамасыз ету, инноваицялық инфрақұрылыммен өзара іс-қимыл ерекшеліктері туралы түсіндірді.

Жасыл технологиялардың: таза болашақты құру атты I Халықаралық конференциясы өтті

Осы жылдың 14-15 қарашасында Жасыл технологиялардың: таза болашақты құру атты I Халықаралық конференциясы өтті. Конференцияны Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және Қазақстан Республикасының экологиялық ұйымдары қауымдастыгының қолдауымен, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы ұйымдастырды. 

Оқу орталығы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде семинар өткізді

2019 жылдың 14 қарашасында ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Оқу орталығы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мен сақтаудың негіздері» тақырыбында семинар өткізді.

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері «ҚазМұнайГаз Инжиниринг» ЖШС тренинг өткізді

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері 2019 жылдың 8 қарашасында «ҚазМұнайГаз Инжиниринг» ЖШС зияткерлік меншік обьектілерінің құқықтық қорғау туралы сұрақтары бойынша тренинг өткізді.
Спикерлер ретінде «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар, Пайдалы модельдер және Селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Гульдана Ильясова және «ҰЗМИ» РМК Авторлық құқық басқармасының бас сарапшысы Алия Нурахметова сөз сөйледі.

2019 жылдың 8 қарашадағы іс-шара

  • «Атамекен» ҰКП «Кәсіпкерлік сағат» жобасы аясында «Контрафактімен күрес: мәселелер мен сын-қатерлер» тақырыбында кездесу үйымдастырылды;
  • «ҚазМұнайГаз Инжиниринг» ЖШС қызметкерлеріне зияткерлік меншік обьектілерін тіркеу туралы тренингі;
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық биотехнологиялар орталығы» РМК «Өнертабыстың болашағы. Биотехнология және патенттер» тақырыбында семинар.

Қытайдың авторлық құқығы бойынша Ұлттық әкімшілігінің делегациясымен кездесу өтті

«ҰЗМИ» РМК 2019 жылдың 4 қарашасында Қытайдың (NCAC) авторлық құқығы бойынша Ұлттық әкімшілігінің делегациясы құрамында NCAC авторлық құқығы департаментінің бас директоры Ю Сике мырза, NCAC бақылау және қамтамасыз ету басқармасының директоры Жао Жие мырза, NCAC халықаралық істер басқармасының директоры Ху Пинг ханым, Қытайдың жазбаша туындыларына авторлық құқық қоғамының бас директоры Жанг Хонгбо мырза іс-сапармен келді.