Contact-center: +7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-91
kazpatent@kazpatent.kz

Тауар таңбаларына, тауар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілерге өтінім беру атты семинар өткізді

2019 жылы 29 сәуірде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Тауар таңбаларына, тауар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілерге өтінім беру атты семинар өткізді.

Семинар жұмысына Нұр-Сұлтан қ. Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, патенттік сенім білдірілген өкілдер, кәсіпкерлер және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Семинар өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеуді насихаттау, сараптама жүргізу кезеңдерін түсіндіру, тауар таңбаларын халықаралық тіркеу рәсімдерімен, зияткерлік меншікті қорғаудың құқықтық қолдану тәжірибесімен танысу мақсатында өткізілді.

Семинар жұмысын Тауар таңбалары, тауар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер департаментінің басшысы Асемгул Казиева құттықтау сөзімен ашты. Өз сөзінде ол зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың маңыздылығын және осындай қорғаудың артықшылығын атап өтті.

Сараптама мәселелері бойынша тауар таңбаларын алдын ала сараптау басқармасының басшысы Динара Кусаинова «Тауар таңбаларына өтінім беруге қойылатын талаптар. Алдын ала сараптама» тақырыбында тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары басқармасының басшысы Асел Шакуанова, «Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын құқықтық қорғау» тақырыбында, Өнеркәсіптік үлгілер басқармасының бас сарапшысы Айтолқын Құттыбаева, «Қазақстан Республикасында Өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау» тақырыбында, Халықаралық тауар таңбаларын сараптау басқармасының бас сарапшысы Айгерім Сүлейменова, «Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу (Мадрид жүйесі)» тақырыптарында дәріс оқыды.

Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімді электрондық беру рәсімі бойынша «ҰЗМИ» РМК патенттік ақпарат және сараптама кезеңдерін автоматтандыру басқармасының Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Абылай Тулегенов «Ақпараттық өзара іс-қимылы» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылардың қызықтыратын сұрақтарына толық және білікті жауаптар беріліп, кеңестер берілді.

Семинар соңында қатысушылар «ҰЗМИ» РМК қызметкерлеріне семинарды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, оның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

 

 

 

 
Мамыр 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31