Contact-center
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! "ҰЗМИ" РМК ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ВЕБИНАР ӨТКІЗУДЕ

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

 

2018 жылдың 12 қарашасында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» «Зияткерлік меншік: ҚР заңнамасындағы өзгерістер жөніндегі мәселе» тақырыбында вебинар өткізуді жоспарлап отыр.

Институт сарапшылары ҚР зияткерлік меншік саласындағы заңнамасының соңғы өзгерістері туралы, атап айтқанда, өнеркәсіптік меншік объектілерін, авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды құқықтық реттеу саласындағы өзгерістер туралы ақпарат береді, сондай-ақ мүдделі тұлғалардың сұрақтарына жауап береді.

Вебинар шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, заңгерлерге, сондай-ақ зерттеу пәні осы сала болып табылатын білім алушыларға пайдалы болады.

Вебинар бойынша қосымша ақпарат алу үшін 8 7172 62 15 43 телефоны немесе kazpatent@kazpatent.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.