Contact-center: +7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-91
kazpatent@kazpatent.kz

Новости

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен «ҰЗМИ» РМК өз күш-жігерін біріктіріп, университеттің ғалымдары мен өнертапқыштарының патенттік белсенділігін арттырудағы басты бағыттарды анықтады

2019 жылдың 18 сәуірінде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша «ҰЗМИ» РМК өкілдерінің қатысуымен семинар өтті. Семинарды ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі Проректор, техника ғылымдарының докторы Гүлнар Мерзадинова ашып, өткізілген семинардың уақытылығы мен маңыздылығын атап өтті.

ҰЗМИ Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеу құрметіне ашық есік күнін өткізеді

Нұр-сұлтан қаласында өтетін Ашық есік күніне қатысу үшін 2019 жылдың 23 сәуіріне дейін +7 (7172) 62-15-42 нөміріне қоңырау шалу немесе  international@kazpatent.kz поштасына хабарлама жіберу арқылы алдын ала тіркеуден өтулеріңізді сұраймыз. Байланыстағы тұлға: Сәуле Молдабек, даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас маманы.

 

Бүгінгі QAZAQ Radiosының эфирі «Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауының финалистеріне арналды

12 сәуір – Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні, сондықтан бүгінгі «Өнертапқыш/Изобретатель» бағдарламасының эфирі аэроғарыш саласымен тығыз байланысты "Nazarbayev Fund Schools Challenge" республикалық конкурсына арналды.

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ПАТЕНТТІК УНИВЕРСИАДА «БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС»

Құрметті достар!

2019 жылдың 10 сәуірінде Алматы қаласында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы семинар өткізді.

2019 жылы 10 сәуірде қазақстандық оқушылардың зияткерлік әлеуетін ынталандыру және қолдау мақсатында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қаласындағы филиалы Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжінің (ОАТЭК) студенттеріне «Ғылым мен техникадағы ғажайып өнертабыстар» тақырыбында семинар өткізді.

2019 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша электрондық өтінім беру белсенділерінің тізімі жарияланды

Құрметті өтінім берушілер, сізге «Электрондық өтінім беру белсенділері» бөлімінде 2019 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша ақпарат орналастырылғанын хабарлаймыз.

 

Корей халықаралық әйелдер өнертабыстарының көрмесі 2019

Құрметті әйелдер-өнертапқыштар!

 

2019 жылы 5 сәуірде Алматы қ. «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы Алматы қ., № 159 гимназиясында түсіндіру жұмысты жүргізді.

2019 жылдың 5 сәуірінде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қаласынын филиалының Оқу орталығы Алматы қаласының Ы. Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушыларына арналған «Авторлық құқық негіздері» тақырыбында құқық түсіндіру жұмысын жүргізді.

2019 жылғы 4 сәуірде "ҰЗМИ" РМК Алматы қаласындағы филиалы №99 жалпы білім беретін мектепте семинар өткізді

2019 жылдың 4 сәуірінде қазақстандық оқушыларды ынталандыру мен зияткерлік әлеуетін қолдау мақсатында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» филиалы Алматы қаласының №99 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушыларына арналған «Зияткерлік меншік объектілерінің негізі мен оларды қорғау. Ғылым мен техникадағы таңғажайып өнертабыстар» тақырыбында семинар өткізді.

2019 жылдың 29 сәуірінде тауар таңбалары, тауар шығарылған жердің атаулары мен өнеркәсіптік үлгілерге өтінім беру және тіркеу рәсімі мәселелері жөніндегі семинар өтеді

Кәсіпкерлер мен барлық мүдделі тұлғалардың назарына!

 
Сәуір 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
29
30