Contact-center
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

Селекциялық жетістіктерді патенттеу

Айдар:
Селекциялық жетістіктерді патенттеу
Cұрақтар:

1. Селекциялық жетістік деген не және оның патенттік қабілеттілік талаптары қандай?

2. Селекциялық жетістікке қалай патент алуға болады?

3. Селекциялық жетiстiкке патент алу үшін қандай құжаттарды тапсыру қажет?

4. Селекциялық жетiстiктердi патенттік қабілеттілікке сынақтан өткізу қалай жүргізіледі?

5. Сараптамалық қызметтерге төлеммен байланысты шығыстарды қалай есептеуге болады?

6. Өтінімді кім бере алады? 7. Өтінімді қандай тәсілдермен беруге болады

8. Өтінімнің ҰЗМИ-ға түскенін не растайды? 9. ҰЗМИ-де селекциялық жетістікке патент беруге өтінімді қарау рәсімі қандай?

10. Селекциялық жетістікке патенттің қолданылу мерзімі қандай?

11. Селекциялық жетістікке патенттің қолданылу мерзімін ұзарту мүмкін бе?

________________________________________

1. Селекциялық жетістік деген не және оның патенттік қабілеттілік талаптары қандай? «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі -Заң) 2-бабының 13) тармақшасына сәйкес, селекциялық жетiстiк - адамның шығармашылық қызметiнiң нәтижесi болып табылатын өсiмдiктiң патент берiлген жаңа сорты, жануарлардың жаңа тұқымы. Заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес, селекциялық жетістіктің жаңалығы, ерекшелiгi, бiртектiлiгi және тұрақтылығы болуы тиіс.

________________________________________ 

2. Селекциялық жетістікке қалай патент алуға болады? Селекциялық жетістікке патент алу үшін өтінімді толтырып, Қазақcтан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына тапсыру қажет. Өтiнiм бойынша белгіленген тәртіппен алдын ала сараптама жүргiзiледi. Алдын ала сараптаманың оң нәтижесін алған кезде уәкілетті орган (Әділет министрлігі) өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды. Өтiнiмнiң және селекциялық жетiстiк сауал-сұрақтарының көшiрмелерi Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның Ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын сынақтан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссияға және Тұқымдарды сынақтан өткiзу және сапасын анықтау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияға (бұдан әрі – мемлекеттік комиссиялар) жiберiледi. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк комиссияның қорытындысы негiзiнде селекциялық жетістікке патент беру туралы шешiм қабылдайды. Заңның 25-бабына сәйкес уәкiлеттi органның қорғау құжаттарын беру жөнiнде iс-қимылдар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады. Селекциялық жетістіктерге патент алуға байланысты заңды маңызы бар әрекеттерді жасаған үшін төлем Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №368 бұйрығымен бекітілген «Қазақcтан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық құқығындағы республикалык мемлекеттік кәсіпорын іске асыратын жұмыстар мен қызметтерге бағалармен» белгіленеді.

________________________________________ 

3. Селекциялық жетiстiкке патент алу үшін қандай құжаттарды тапсыру қажет? Селекциялық жетiстiкке патент алуға өтiнiм өсiмдiктiң әрбiр сортына, жануарлардың тұқымына ресiмделедi және онда: 1) патент беру туралы өтiнiш; 2) селекциялық жетiстiк сауалнамасы; 3) iс өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда, сенiмхат болуға тиiс. Селекциялық жетiстiкке патент беруге жасалған өтiнiмге белгiленген мөлшерде өтiнiм беруге ақы төленгенiн растайтын құжат және оның мөлшерiн азайту үшiн негiздеменi растайтын құжат қоса тiркеледi, олар өтiнiммен бiрге немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде табыс етiлуi мүмкiн. Тиiстi ақы төленген жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауы керек. Белгiленген мерзiмде ақы төленгенi туралы құжаттар табыс етiлмеген жағдайда өтiнiм берiлмеген деп танылады.

________________________________________ 

4. Селекциялық жетiстiктердi патенттік қабілеттілікке сынақтан өткізу қалай жүргізіледі? Заңның 3-бабының 3-тармағына сәйкес, патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығы жөнiнен селекциялық жетiстiктерге сараптама жасауды және оларды сынақтан өткiзудi селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы қызмет түрi ретiнде Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады, олар өндiрiсте пайдалануға ұсынылатын тиiстi Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзедi. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын сынақтан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссия және Тұқымдарды сынақтан өткiзу және сапасын анықтау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия өсімдік сұрыптарының және жануарлар тұқымдарының патентке қабiлеттiлiгiне және шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды жүзеге асыратын агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның қарауындағы ұйымдар.

________________________________________

5. Сараптамалық қызметтерге төлеммен байланысты шығыстарды қалай есептеуге болады? Біздің сайтымызда «Төлемдерді есептеу» автоматтандырылған бағдарлама орналасқан, ол төлеуге қажетті соманы есептеуге көмектеседі. (//cabinet.kazpatent.kz/ru/Payments/PaymentAddPaymentTariffTz)

________________________________________ 

6. Өтінімді кім бере алады? Өтінімді өтінім беруші немесе оның өкілі береді. 1. Өтінім беруші – қорғау құжатына құқығы бар тұлға (өнертабыстың (пайдалы модельдің) авторы), авторлар ұжымы немесе оның (олардың құқықтық мирасқоры), жұмыс беруші (Қазақстан Республикасының Патент заңының 10-бабының 1-тармағы және 16-бабының 1-тармағы). 2. Өтінім берушінің өкілі – патенттік сенім білдірілген өкіл немесе ҚР АК 167-бабының талаптарына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде әрекет ететін өзге де өкіл.

________________________________________

7. Өтінімді қандай тәсілдермен беруге болады 1. Поштамен мына мекенжай бойынша: Орынбор көш., 8, 1 кіреберіс, Астана, 010000, Қазақстан Республикасы 2. Жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша тікелей Ұлттық зияткерлік меншік институтының кеңсесі арқылы беру. 3. Факспен жіберу: +7 (7172) 74 96 21 Бұл жағдайда өтінім құжаттарының түпнұсқалары факспен бұрын түскен құжаттарды бірдейлендіретін ілеспе хатпен бірге ҰЗМИ-ге олардың факспен түскен күнінен бастап бір ай ішінде ұсынылуы тиіс. Осы талапты сақтаған жағдайда, факспен түскен күні құжаттың түскен күні болып есептеледі. 4. Электрондық цифрлі қолды пайдалана отырып, өтінімді электрондық түрде беру қызметін пайдалану: а) ҰЗМИ сайты www.kazpatent.kz ҰЗМИ сайты арқылы өтінімді электрондық түрде беру туралы ақпаратпен сайттың «Өтінімді электрондық түрде беру» бөлімінде танысуға болады; б) Қазақстан Республикасының www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы.

________________________________________

8. Өтінімнің ҰЗМИ-ға түскенін не растайды? Өтінім құжаттары ҰЗМИ-ға қағаз түрінде кеңсе арқылы берілсе, өтінім беруші құжаттардың кіріс нөмірі мен түскен күні көрсетілген өтініштің көшірмесін алады. Өтінім электрондық цифрлі қолды пайдаланып ҰЗМИ сайты арқылы электрондық түрде берілсе, өтінімнің түскені туралы мәлімет (өтінімге берілген тіркеу нөмірі және оның түскен күні) лезде өтінім берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі. Өтінім материалдары қағаз түрінде пошта арқылы жіберілсе, өтінім беруші +77172749660 телефон арқылы байланыс орталығына телефон шалып өтінімнің тіркеу нөмірі мен құжаттардың түскен күнін білуі мүмкін.

________________________________________

9. ҰЗМИ-де селекциялық жетістікке патент беруге өтінімді қарау рәсімі қандай? Өнертабысқа патент беруге өтінімді қарау рәсімі кесте бойынша сайттың «Патентті қалай алуға болады» шағын айдарында ұсынылған. (http://kazpatent.kz/images/files/iz_pm.pdf)

________________________________________

10. Селекциялық жетістікке патенттің қолданылу мерзімі қандай? Өсiмдiктер сортына патенттiң қолданылу мерзiмi сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күннен бастап - 25 жыл, мал тұқымдарына - 30 жыл, жүзiм, сәндiк ағаш, жемiс және орман дақылдары сорттарына, оның iшiнде олардың қалемшелерiне - 35 жыл болады. 11. Селекциялық жетістікке патенттің қолданылу мерзімін ұзарту мүмкін бе? Патенттiң қолданылу мерзiмiн патент иесiнiң өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган ұзартады, бiрақ ол 10 жылдан аспауы керек.

Жарияланған: 22 January, 2018 - 12:47 Барлық сұрақтар